Туған жерім қазақ елім тұңғиықтан жаралған Туған жерім аймен күннен нəр алған Туған жерім сəн думаны салтанаты жарасқан Туған жерімқазағыма өзге ұлттар таласқан
Қазағыма деп қырын көкке ұшырған Қыран құстай көкке ұшты қанша адам Еліміздің болашағы азаттығын аңсаған Ел тыныштық көк байрағын қорғаған
Станса басынан колхозға қарай бастай беретін аттылы-жаяу талай жол қылған қара жолдың бойында жол қапшығын арқалаған Жеңіспен оралып келе жатқан солдат келеді. Солдаттың дәл қазір қай майданда соғысқаны да, оның қандай бөлімде соғысқаны да маңызды емес. Бәрінен де маңыздысы – оның туған ауылынан мүлде жырақ жерде өткен соғыстан кейінгі өзінің туған жерін – қазақ ауылын сағынып келе жатқандығы.
Солдатты енді бір сұрақ қинайды. Ол алдынан шыққан ақ шашты ананың: «Менің ұлымды көрмедің бе?» – деген сұрағы. Ақ шашты ана ұлынан «қара қағаз» алған екен ғой. Мүмкін ақ шашты ананың ұлы мен соғыстан қайтқан солдат құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жандар шығар? Мүмкін екеуі майданға да қарайлас алынған шығар? Бірақ соғыс алақандай ғана ауылдың көлеміндей жерде өткен жоқ қой. Мүмкін екеуі екі майданда соғысқан шығар? Көрмеген.
— Тілектестің көкесін көрмедің бе?
Қара торы келіншек солдатқа үмітпен қарайды. Тілектестің көкесінен де «қара қағаз» келген екен ғой. Бірақ Тілектестің көкесінің де, ақ шашты ананың ұлының да сүйегі жат жерде қалып қойып, солдат өзінің ауылына аман-есен келіп тұрғанына жазықты емес қой.
Рашид Мұсабаев орындайтын «Жеңіс күні» әнінің мына бір сөздерінде (музыкасы Д.Тухмановтікі, сөзін жазған В.Харитонов, сөзін аударған Бегілдә Алдамжар) соғыстан қайтқан солдаттар Аналарға есеп береді:.....
Пойыз жүрер алдындағы сәтті есіңе түсірші: қоңырау соңғы рет соғылған, жолаушылар мен шығарып салуға келген кісілер айрылысар алдындағы сөзін асыға-үсіге айтып, қоштасып, құшақтарын енді ғана жаза, ажыраса береді де, әлденені ұмытқандай қайта оралады, қайта құшақтасады, қызыл бояу жаққан ерін қайыс ерінге қайта жабысып, бас-аяғы жоқ бір-бір сөз, бір-бір ауыз тілектерін жолдап, абыр-жыбыр, ал кеш қалған жолаушылар дәл бір өрттен шыққандай, есі-түсі қалмай етек-жеңі далақтап жүгіріп келеді.
Жасыратыны жоқ, жылжып бара жатқан пойызға екі етегі далақтап жеткен жолаушының мен де бірімін. Қара терге түсіп, алқынып барам. Шығарып салған жолдастарым да ренішті. Қайсыбірі құрдастығын арқаланып боқтап жатыр. Олармен қалай қоштасқанымды да білмеймін. Құшағымдағы кішкентай баламнан бауырымды жазып, қасымда жүгіріп келе жатқан шешесіне ұстата салдым да, көк шолақ пойызға бір-ақ ырғыдым. «Ісі құрсын. Әр кездегісі осы», — деген ренішті біреудің дауысын құлағым шалды. Жиі-жиі есіте бергесін әсер етпейтін сөздер болады. Кісі ұрысқанға да үйренеді. Жолдастарымның әлгіндей ренішіне қысылу орнына күлімсіреппін. Купеге заттарымды кіргізе сала қайта шықтым. Кісі-қаралар үймелеп тұрған терезеге.ентелеп барып мен де үңілгенде, көк шолақ пойыз құниып тартып, сыпыртып ұзап та кетіпті.
— Жә, қайтесің,— деді сырт жағымнан салқын дауыс. .....
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку......
Менің туған жерім - Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы. Мен өзімнің туған жерімді қалай жақсы көретінімді, сүйетінімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен туған жерімнің топырағын, тасын, сарқырап аққан өзенін де сүйемін. Өз елімнің кәрісін де, жасын да сүйемін. Сүйемін......
Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Мұнда биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен......