Мысал ертегі: Пілдің ісі тышқанға түсіпті

Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір тарттырамын» деп әбден тісін басады. Піл мен тышқан осындай күрең қабақтасып жүргенде арыстан қызын ұзататын болып, пілді тойға шақырыпты. Піл тойға аттанғанда тышқан да ере жүреді. Бойын қызғаныш кернеген піл оған тап-тап беріп қуалайды. Арбаңдап жүрген пілдің абайсыздығында тышқан оның құлаштай ұзын танауына «сып» етіп кіріп, кетеді. Танауға кірген ол тыныш жатсын ба, арлы-берлі жүгіріп оның мазасын әбден алады. «Шық» деп зекиді піл. Тышқан ерегесе түсіп, бұрынғыдан әрмен жыбырлата тырналайды. Ақыры піл:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Түсін іздеген жігіт

Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.

—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.

—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.

—Онда жүрелік,—депті қыз.

«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:

—Болады,—депті. Екеуі жүріп кетіпті.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Түс сатқан тазша

Ертеде бір бай болыпты, байдың үйінде жүрген бір күңі болыпты. Күңі жатса, түс көріпті. Басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан жұлдыз туыпты. Ерте тұрыпты, бетін-қолын жуыпты, «сол түсімді іздейін», – депті. Іздеп кетіпті. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті. Бала айтыпты: «Е, жеңгесі қайда барасың?» – депті. Күң айтты: «Қайда барайын, сенің байыңа жалданғалы келдім».

Сиыр баққан бала айтты: «Өтірік айтасың, сен бірдеме іздеп барасың».

Күң айтты: «Түсімді іздеп барамын».Бала: «Неғылған түс, айтшы?». Күң айтты: «Айтайын, ұйықтап жатыр едім, түсімде басымнан ай туыпты, аяғымнан күн шығыпты, жүрегімнің басынан жұлдыз туыпты, сол түсімді іздеп келемін!» – деді. Бала айтты: «Осы түсіңді маған сатшы? – дедті. Қатын айтты: «Не бересің?» – деді.

«Құнан шығар өгізім бар, сол өгізімді берейін», – деді. Қатын: «Жарайды, түсімді берейін!», – деді.

Бала құнан өгізді берді. Қатын алды, үйіне кетті. Бала кешке сиырын айдап үйіне келді. Сиырын қорасына қамады. Темірден етік соқтырды, темір таяқ соқтырды. Ертең тұрды, беті-қолын жуды. Сиыры жаймады, темір етікті аяғына киді, темір таяқты қолына алды, кетті.....
Ертегілер
Толық

Рамазан айында ашық суретке түскен Жолдыбаева жұрттың ашуын тудырды

Отандық танымал әнші Алтынай Жолдыбаева кезекті ашық фотосын жариялаймын деп халық қаһарына ұшырады. Желі қолданушыларына әнші арудың қасиетті Рамазан айында төстартқышсыз суретке түскен ұнамай қалған деп жазады NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында ашық образымен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Бұған дейін де сексуалды фотоларын көпшілік назарына ұсынып келген сылқымды бұл жолы бұрынғыдан да қатаң сынап тастаған.
Жаңалықтар
Толық

Әбден ашынған неміс дәрігерлері тыр жалаңаш шешініп, суретке түсті

"Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңалықтар
Толық

"Бақыт құшағында": Әуелбекова сүйіктісімен түскен ерекше фотосымен бөлісті

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сүйіктісімен түскен кезекті фотосын жариялап, желіде қызу талқыға қалды. Ғашығымен құшақтасып тұрған әнші жанкүйерлерін тағы бір мәрте қызықтырып қойды. Желідегілер өнер иесі жақында екінші рет тұрмысқа шығатынын болжауда деп жазады NUR.KZ .

Мөлдір Әуелбекова жеке өмірін енді жасырын ұстағысы келмейтін көрінеді. Эстрада жұлдызының Instagram парақшасында белгісіз азаматпен түскен суреттері жиі шыға бастады. .....
Жаңалықтар
Толық

"Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.....
Жаңалықтар
Толық

Түсіне алмай жүрмін

Караша айы болатын. Университеттін кітапханасында сабакка дайындалып болып жан досым Б. кутіп отырганмын. Онын телефоны менде болатын. Бір кезде Б-тын телефонына конырау келді. Мен котердім. Мерей атты жігіт екен. Таныстык, сойлестік. Б-тын ауылдасы болып шыкты. Б-ты озіне 2-3 айдан бері карата алмай жур екен. Біз тез тіл табысып кеттік. Ол озіне комектесуін сурады. Мен жай Б-тын ойын біліп бере алатынымды айттым. Міне, алгашкы таныстыгымыз осылай басталды. Досымнан ол туралы ойын сурап едім оны ұнатпайтындыгын айтты, ал біз Мерей екеуміз ол кезде дос ретінде жаксы араласып кеткен едік (Мерей екеуміз алі бір-біріміздін турімізді кормегенбіз, фото аркылы да). Мерей, Б-нын бастартканына карамастан соз салып жүрді. Ал, мен Мереймен телефон аркылы жакын дос болдым. Тіпті, досыма онын созін алуын сурайтын едім.

Университетте жарыс болды, біздін тобымыз оган казактын корнісін коятын болдык. жан досым екеуміз де оган катыстык, казактын келіні ролін алдык Б. екеумізде. Дайындык устінде менін телефоныма Мерейден конырау келді. Алдым, сойлестік. Б. екеуміз бірге скретке тусіп ММС аркылы жіберуін сурады. Басымызга ак орамал таккан, казаки киім киіп турган Біз фотога тусіп жібере салдык (Мерейге ММС жібергенімді Б. білген жок). Кешке Мерей сокты. ММС-ті алганын айтты "Ак орамал Б-ка караганда саган оте жаксы жарасады екен" деді. Мен онын созін ойынға айналдырып кеттім. Сол куннен бастап ол маган жиі согатын болды. Б-тан конілі калганын айтты. Б-та ол кезде баска жігіттермен сойлесетін.
Тунгі сагат 11:00 жатаханада мундай кезде нагыз кызык уакыт, Мерей тел. сокты:
- Алло, салем Айко......
Махаббат хикаялары
Толық

Адал ұл ер боп туса-ел тірегі

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің, оның кемелұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп, қалдырған басқа қаламгер жоқ! Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі. Ел дегенде адал қызмет еткен. Отан үшін отқа түс,- күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды»,- дейді... - Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін. Нұрсұлтан Назарбаев Отан үшін отқа түскен аталарымызға деген алғысымды ақ қағазға түсіруді жөн көрдім. Мен соғыс туралы алғаш ақпарат құралдарынан, кинофильмдерден көргенде жанымның түршігіп, көзіме жас алғаным әлі де есімде. Кейін ата-әжемнен, ата-анамнан, ұстаздарымнан сұрағанымда, олар: «Құдай бетін аулақ қылсын, сендер соғыс деген зұлым сөзді естімеңдер, алапат соғысты көрмеңдер!» деп соғыс туралы айтып бергендері жадымда сақтаулы. Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Өздеріңіз білетіндей, биыл Ұлы Жеңістің 71 жыл мерейтойы! Осыдан тура 75 жыл бұрын таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасын ұрланып өткен жау оғымен ғаламат, сұрапыл соғыс басталған еді. Бұл соғыс тек тәтті ұйқыны ұрлаған жоқ, ананы баласынан, жарынан айырса, ақын, инженер, ұстаз болам деген бозбалалар мен бойжеткендердің арманын ұрлады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша жаумен шайқасты. Олар батырлықтың, батылдықтың,қайсарлықтың үлгісін біздерге үлгі етіп көрсетті. Әлі күнге дейін қанды соғысты ешкім де ұмытқан жоқ. Соғыс өрті, мұңы халықтың есінде......
Шығармалар
Толық

Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінің басында-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгеріміз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. 23 тамыз - Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. Биыл міне, 50-ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар. Майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Қайнарбұлақ ауылында туған. Арнайы топтар оның сүйегін тапты. Ал, өз кезегінде топ басшысына делегация ақсақалы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Ержанның арнайы сияпатын туыстарына табыс етті. Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан жанның бірі - Салқынбек Қалдаров. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылған қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. Соғыста қаза тапқан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жерде қаза тапқан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұырды........
Шығармалар
Толық