2002 жыл еді... Ауа-райы жайдарлы,өте керемет, күн шуағына бөленіп гүлдер өсіп, барлық тірі жанды денелердің бәрі жер бетіне шығып, кереметтей көктем мезгілі басталған уақыт еді. Қазақ халқының «Жаңа жылын», күн мен түннің теңесетін күнін көру үшін он жетінші наурыз күні дүние есігін аштым. Кішкентай кезімнен өсіп- өнген жерім қазіргі Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Мен үшін Түркістан қаласы жылдың қай мезгілі болмасын өте қатты ыстық. Өйткені бұл жерде ата-анам....
Жан бар ма екен ана десе толғанбайтын, Жан бар ма екен аналарын сағынбайтын. Бар ма жүрек ана десе толқымайтын, Бар ма жүрек ана десе шаттанбайтын. Ана деген жанға....
«Жолдың турасы» деген кең мағынада адамның өмір жолы туралы мағынаны білдіреді. Ешкімге қиянат жасамай, алдап кетпей, адал өмір сүрген адам жолдан таймаған, тура жолмен жүрген болып есептеледі.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы – Қазақ ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан – оның шөбересі. Шоқанның шын есімі – Мұхаммед-Қанафия. Шоқан әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Бұл жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса, орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де, өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның 51 корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді…