Сатиралық ертегі: Тоғыз тоңқылдақ, бір қиқылдақ

Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді.
Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар:
– Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді.
Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп:....
Ертегілер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Спорт бұйымдары (ойын, доп, футбол, шахмат, велосипед, шаңғы, асық, тоғыз құмалақ, карта)

Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс зат ең бір.
Футбол добы

Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
Шахмат

Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Жұмбақтар жауабымен
Толық

9 Мамыр - Жеңіс күні

Тәрбие сағаттың Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру
Тәрбие сағаттар
Толық

Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық-бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық

Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.
Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тоғыз тоңқылдақ бір шіңкілдек

Ертеде екі қатыны бар бір адам болыпты. Мұның үлкен қатынынан тоғыз ұлы бар екен, тоқалынан бір-ақ ұлы бар екен. Үлкен қатынынан туған тоғыз ұл зорлықшыл болыпты. Сондықтан оларды жұрт: «Тоңқылдақ» деп атапты. Бәйбішеден туған тоғыз тоқалдан туған жалғыз ұлды шырылдатып, зорлық қыла беретін болғаң соң, оны жұрт: «Шіңкілдек» деп атапты.
Әкесі өлген соң, бұлар аз ғана малдан айырылып, жұтап қалады. Бәрі қаңғырып, мал іздеп, бір жерге келеді. Тоғыз Тоңқылдак малды бірге жаяды, Шіңкілдек малды бір бөлек жаяды. Тоғыз Тоңқылдақ бір Шіңкілдекке қастық қыла береді.......
Ертегілер
Толық