Кенен Әзірбаев (Сол тойда қырғыз жыршыларының айтқаны)

[quote]X а л ы қ а қ ы н:
Бұғы сайлаған елден келдім,
Қошқар жұмқал жерден келдім.
Атасызды ұққанменен,
Алтын жүзік көрмеп едім,
Шертпегімді тағынып келдім.
Сірә болмаса қағылып келдім.
Қазақ пен қырғыз туысқан
Өмілдірік - құйысқан.
Кенехан мен Орманхан
Надандықтан ұрысқан.
Мынау жорға ат әкелдік,
Ер - тұрманын сап келдік.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Қазақ тойындағы ойналатын ойындар (видео)

Санамақ ойыны

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.
kz
Толық

Шілдехана бесік тойы

Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
Құттықтау, тілектер
Толық

Тоқаш Бердияров | Тойда


Күмбірлеген жана үйдің ішінде Қонысбайдың үйлену тойы басталып та кетті. Ерлі-зайыптылардың денсаулығы үшін және олардың бақытты өмірі үшін дүркін-дүркін тостар көтеріліп, жас семьяға инабатты құттықтау сөздер айтылып жатты.

Жаңа әлгінде ғана пешке салынған көмір қып-қызыл шоқ боп, салқын үйді қыздырып барады. Сол сияқты қызғылт түсті ішімдіктер де тым-тырыс отырған жұртты қыздыра бастады. «Т » әрпіне ұқсас ұзын столды жағалай отырған қонақтар дабырласып, өзара ду-ду әңгімеге кірісті. Мұндай көңілді шақта әркім ағынан жарылып өз мансабын, тұрмыс-күйін немесе күнделікті тіршілігін сөз етеді емес пе?!

Босағада отырған екі қатынның ауыздары сүйреңдей жөнелді:

— Бетім-ау, Шайзада айрылысып кетіпті!

— Жиырма бес жыл отасқан күйеуімен бе?

— Ия.

— Тәуба!.. Алиментін алып тұра ма екен?

— Алғанда қандай, үш баласына елу процент!..

—Мен өзім сауатты әйелдерді жек көремін.

— Е, неге?

— Байының үстінен арызды бұрқыратады да жатады... Қыздарды тек қана шағым жазу үшін оқытпайды ғой, құдағи-ау!..

Бір бұрышта отырған екі дүкенші де өзара жайлап сырласа бастады.

— Ойбай, Үмеке-ау, саудадан пайда түсіру қиындап кетті. Бір кезде таңсық болған тігін машинесі мен түбіт орамал дегендеріңе қазір жұрт пысқырып та қарамайды.

— Несін айтасың,— деп ауыр күрсінді екіншісі,— бес-алты кәмпитті таразыға сылқ еткізіп салып жіберіп, бес-он тиынды жылп еткізіп қалтаға жымқыратын заман әлдеқашан өтті ғой... Екінің бірі — тексеруші. Қымқырғаныңды сезе қойса, әкеңді танытады. Басы ауырған қызыл мұрындарға «ақ телпекті» құйып сатып, там-тұмдап пайда түсіруші едік, оны да құдай көп көрді. Біздің сорымызға ішермендер де азайып барады... .....
Әңгімелер
Толық

Астаналық әнші әйелді туған қызы "алаяқ" деп сотқа берді (фото)

Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.

Жаңалықтар
Толық

«Құдағи сырғаның» сырын білесіз бе?

Өзімнің ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қайынсіңлім бар. Қазақтың салт-дәстүріне сай есімін атамай, оған «Еркем» деп ат қойып алғанмын. Бойжетіп отырған сол қайынсіңлім бір күні тұрмысқа шықты. Келін етіп түсіріп алған жеріне қуғыншылардың бірі болып қайттым. Сонда құдалар жағы арада ай өтпей жатып, той жасайтындарын айтты. Мұны ата-енем естіген соң, бар бала-шағасын жинады.
Сөзді бастаған қайынатам: «Өздерің білесіңдер, бүгінгі уақытта жетісіп отырған ешкім жоқ. Ағайынның бірінде бар, бірінде жоқ. Кейбірі жай сыртқы жүнін қомпайтып жүргеннің....
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Тойда

Ел-жердің тұрмыс-тіршілігімен, жай-жағдайымен әбден таныспын. Қасым жырларын сүйіп оқып, құрметтеушілердің бірімін. Ежелден еңбекқор елдің еңсесі көтеріліп, Қасым сынды.....

Диктанттар
Толық

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: Шілдехана бесік тойы

Дүниеге тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды "әке-шеше", ал олардың ата-анасын “ата-әже” атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды. Олай болса өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, түңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз. Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын.....
Құттықтау, тілектер
Толық