1 Шілде - Режиссерлер күні

Әрбір фильм режиссердың арманы,
Мақсатына жетпекке жол салғаны.
Ұйқысыз түн, үздіксіз ой, сан тарау
Қиялымен атырған сан таңдары.
Ұшқыр қиял тілеймін ойларыңа,
Келейік көп тұсаукесер тойларыңа.
Қоржында 100-деген мол....
Құттықтау, тілектер
Толық

15 Сәуір - Кәсіпкерлер күні

Ең керемет мамандық бар кәсіпкер,
Кәсіпкерге Жаратушы нәсіп бер.
Армандарды айналдырған шындыққа,
Кәсіпкердей мықты болсан өсіп көр.
Табыс өссін толастамай әр күні,
Тұтынушы сізде болсын барлығы.
Өрге ғана домаласын....
Құттықтау, тілектер
Толық

30 Қыркүйек - Заңгерлер күні

Адам тағдыр ойыншық емес ешкімге,
« 7 жарғы» соның анық айғағы.
Араз болып қинамайық «5 күнде»,
Заңгерлердің соған лайық байрағы.

Заңгерлер, мерекеңіз құтты болсын,
Айтар сөз бар адамға ұйытқы болсын!
Қара қылды қақ жарған....
Құттықтау, тілектер
Толық

25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Рақмет Сізге, Мектеп! Рақмет Сізге, Ұстаз!)

Түлек ата-анасының алғыс тілегі


Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Ақберен Елгезек (Тілек)

Көктем болып тынысташы,
Күлімдеші көктем боп.
Жүрегімді құлыпташы,
Жұлып таста, өкпем жоқ!

Аспанымды биіктетші,
Шуақ шашшы болып.....
Өлеңдер
Толық

27 Наурыз - Актёрлар күні

Мамандықтың майталманы,
Сахнаның тарланы.
Өмір, көңіл тебіренісін,
Актер ғана айтады.
Қарапайым көріністі,
Жіберетін сән қылып,
Актерлардың асқақ күші
Таусылмасын мәңгілік.

Олар шықса сахнаға,
Жан бітеді.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күнге тілек (Құда, Құдағи - 50 жас)

Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.

Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Құда, Құдағи - 70 жас)

Қадірменді тойшы қауым, ағайын!

Қадірлі....., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтау-сөздер  

 

Бір бойдақ досына:
– Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап:
– Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!

Құттықтау, тілектер
Толық

Алтын той, Күміс той

Алтын той

Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге.....

Күміс той

25 жыл отастыңыз бақытты,
Уайымдарға енді орын жоқ болсын.
Сыбағасын алып өмір жақұтты,
Немерелер, шөберелер көп болсын!
Арманыңыз алдамастан......
Құттықтау, тілектер
Толық