Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін Сабақ тақырыбы: Пернетақтада жоқ таңбалар 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; 3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттер қолдану. Сабақ мақсаттары: Пернетақтада жоқ таңбаларды қолданып үйрену.....
Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі,сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Қыздардың еркектерге сенбейтіні ақиқат,оны өмірден де мысал етіп алуға болады.Менің айтайын дегенім бұл емес-ті. Өз басым кезінде жігіт атаулы жандарға сенбейтінмін, шынын айтқанда қызықпайтынмын. Мүмкін отбасымда ұлдардың арасында өскендік болар. Мектеп кезінде балалық махаббат деген болатын, біреуді өзінше жақсы көріп қаласың,ол кезде солай көрінетін. дискотекаға сол үшін барасын, одан курткасына басқа біреудің атынан хат жазып жіберу айта берсең көп-ау. Қазір соны ойласаң не деген ақымақ болдым десейші деп ойлайсың. содан мектеп бітіріп,өмірге араласасың...... Бір күні курстас қыздардың арқасында жігітпен жүрдім,алғаш рет. Ондағы ойым бәрі жігітпен жүреді,оның несі қызық екен деп озімше - зерттеу болатын. Содан ол жігітті 2 күннен кейін тастап кеттім, ұнатпадым өзін де, қылығын да, тым мақтаншақ болатын. Содан жігіт көрсем бәрі мақтаншақ көрінетіндей болды. Арада жарты жылдай уақыт өткеннен кейін , курстас қыздың ауылына қыздар болып отырысқа бардым,сол отырыста бір жігітпен таныстым, ол өзінің маған деген көңілі бар екенін де айтып салды, бәлкім енді көрмей кетем ба деп ойлаған болар - ау, мен туралы қасымдағы қыздардан бәрін сурап алыпты......
Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының тарлан тарихындағы ұлы құбылыс-хакім Абай. Қайырлы сөз ұққанның жүрегіне нұр құя білетін майталман ақын-қазақ халқының бағытынан айнымас тұсбағары,түзу қалам-қисайған, өткір қалам-мүжілген дүрбелең дәуірлерде надандық бұлтын сейілткен сөнбес жарық күні. Ақын болмысын халық санасында мәңгілік жаңғыртатын қаламынан туған қуатты жырлары ғана емес, қаламгер турасында жазылған зерделі сөз бен ұлы шығармалары деп білемін. Өлең сөздің патшасын қиыннан қиыстырған ұлы ақынға ой теңізі терең Торайғырдың Сұлтанмахмұты да:
\Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге,-деп ақбейіл шумақтарын арнаған. Жыр сүлейі Сұлтанмахмұттың «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа басыңды шайқа,-деп өскелең ұрпақты Абайдың жыр жайлауына беттетуі тегін емес-ті. Шынында Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам. Жыр алыбы Жамбыл «Ақындардың Пайғамбары» деп баға берген ойшыл ақын-халқымыздың ғасырлық идеалы. Оның іші алтын, сырты күміс өр өлеңдері мен қастерлі қара сөздері қай кезеңде де құнын жоймаған. Қазаққа қара сөзге дес бермеген ақын: «Сендер кетсеңдер де, мен біржола кетпеймін. Сендер бүгініңмен, мен алдағы келешекпен өмір сүрдім. Ол күндері артқа қалдырған ісім мен сөзім мені қайта тірілтер»,-деген екен. Дана Абайымыздың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындадық. Себебі, ұлы ақын шығармаларында жеке тұлға мен қоғамды толғандыратын барша сұрақтың жауабы бар. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған талапты жанның Абай шығармаларынан сусындағанда адамшылықтың асыл қасиеттері, білім-ғылым, махаббат, салт-жоралғы, заң тұрғысынан алса да шөлі қанары анық. Асылы, Абай өлеңдері халқымыздың бойына тас кенеше жабысқан адамзатты бұзатұғын жалқаулық, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, күндестік, өтірікші, мақтаншақтың сынды мінездерді түзетуші. Бүгінде елімізде білімге ұмтылыс болғанымен, қазақтың Абай көріп, сынаған жасанды жаны қаншалықты өзгерді? .....
Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.
Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.
Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?
- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.
Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс.
Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. .....
Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі. Э. Ф. Зеер
Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.
Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді. ......
Өмірде кездескен қиындықтарды көре жүріп, дұрыс қабылдаған шешіміміз- ертеңгі күннің бағдаршамы. Өйткені, сенің таңдауыңа қарай өмірдің кілті ашылады. Сол кілт бізді өз ортамызға жетелейді. Олай болса, дұрыс таңдау жасау – адами арманның биік шыңы.
Шешім дегенде бәрінің ойына түсетін бірінші таңдау мамандыққа келіп тіреледі. Мамандық таңдау – маңызды іс. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», - деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей ол – сенің алға қойған мақсатың. Мақсатқа жету- тек жақсы маман болу емес, сол мақсатқа жету жолындағы сенің адамдық қасиетің мен қажырлылығың. Ал, менің мақсатым – ұстаз болу. Ұстаз – таусылмайтын кен, тоқтамайтын бұлақ. Менің ұстаз болғым келетін себебі, мұғалім қоршаған ортаға, бүкіл әлемге нұр шашып тұратын жарқыраған күн секілді. «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі», - деп әлемнің екінші ұстазы Әл – Фараби атамыз айтқандай, бар әлемге өз білгенін үйретіп, қаншама жандарды тәрбиелеп, білім көзін ашқан аяулы жан – ұстаз. Мен де осылай өз еліме, соңымнан ілескендерге ұлттық қадір- қасиетіміздің өзге ұлт өкілдерінен артық тұратын ең құнды ерекшеліктерін таныта алатындай үлесімді тигізгім келеді.......
Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.
«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......