Ернар Жидебаев | Кәсіп таңдау

Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.

Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»

Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн. .....
Әңгімелер
Толық

Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесу керек?

Мамандық таңдау – өте маңызды мәселе. Себебі, осы таңдау баланың болашақта көптеген жылдар бойы бақытты немесе бақытсыз болатындығы шешіледі. Мамандық таңдауда кедергісін келтіретін 5 стереотиптен аулақ болыңыз.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Мамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегі ең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде....
Кеңестер
Толық

Рамазан айы. Ораза. Саламатты азықтану

Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар?
Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп....

Кеңестер
Толық

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.
Кеңестер
Толық