Ұстазыма 4 шумақ тақпақ

 Ұстазым, жарқын жүзді асыл адам,
Әсерлі айтқан сөзі жақын маған.
Ең алғаш қалам ұстап, әріп танып,
Сен арқылы әлемнің сырын ұғам.  

Тақпақтар
Толық

Жолдар жолдар

Адам жүрген, сан із бар,
Төрт түлікке жайлы-ау жол.
Кең көсіліп, көп жүрген,
Мұның аты айдау жол.
Тақпақтар
Толық

Көлік

Зу-зу етіп көшеде,
Күн-түн тыным таппайды.
Төрт дөңгелек дөңгелер,
Төрт аяқпен шаппайды.

Түрі, түсі, атауын,
Оңай емес жаттауға.
Қазіргінің тұлпары,
Көлік жүйрік шықты алға.
Тақпақтар
Толық

Бағдаршам

Бағыт-бағдар көрсетер,
Бір орында тұрып-ақ:
Қызыл көзі жанғанда,
Жүріп кетпе тек бірақ.
Сары жанса, дайындал,
Қалма, ботам, сен құлап.
Жасыл жанса, жүре ғой,
Қоя бермей көп сұрақ.
Тақпақтар
Толық

Ғаламтор

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.

Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады....
Тақпақтар
Толық

Компьютер

Пернетақта алдыңда,
Дәу манитор тұр қарап.
Көп шаруаны атқарар,
Компьютер бұл ғажап.

Керек емес қаламың,
Жазуды да жазады.
Қарындаш пен бояусыз,
Суретті де салады......
Тақпақтар
Толық

Ұялы телефон

Қарасы бар әкемде,
Жаңасы бар тәтемде.
Аппағы бар анамда
Екеуі бар көкемде.

Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.
Тақпақтар
Толық

Ұя

Ұя салды көктемде,
Қос қарлығаш ұшып кеп.
Біткенше ұя тынбады,
Ары-бері ұшып көп......
Тақпақтар
Толық