Атырау

Мұнайлы өлкем- Атырау,
Туған жерім асыл –ау.
Менің саған құрметім,
Бас иемін қабыл ал.

Өзіңді сүйіп өтермін,
Жырыңды жырлап кетемін.
Менің өлкем - Атырау деп,
Мақтанышпен сөйлермін.
Тақпақтар
Толық

Қазақстан туралы балаларға тақпақ

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!

Тақпақтар
Толық

Көбелек

Гүл ашылса аулада,
Бал арасы келеді.
Бал арадан кейін,
Көбелектер келеді.....
Тақпақтар
Толық

Күшігім

Күшігім менің ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға,
Аулаққа қуып тастаған.
Тақпақтар
Толық

Ақ лағым

Мақтандың ба лепіріп,
Ақ лағым – ау, ақ лағым.
Көк майсада секіріп,
Неге тыным таппадың.

Шаршадың ғой жарығым,
Ойынның да, жөні бар.
Ашқан шығар қарының,
Кел, мамаңды еміп ал.
Тақпақтар
Толық

Ақын болам

Ақын болам өскенде
Әлі талай уақыт бар.
Өлеңдерді жазамын,
Өскен кезде әсерлі
Ақындардың өмірі,
Болады әсем жырлармен.....
Тақпақтар
Толық

Туған тілім

Туған тілім өнегелі, өз тілім,
Туған тілім парасатты, бай тілім.
Туған тілде жыр жазамын, ән жазам.
Туған тілде әңгіме мен күй жазам.
Қазақ тілім асқақтай бер, жасай бер!
Ұлысың сен, мағыналы нар тілім!.......
Тақпақтар
Толық

Отан

Отаным бар сүйетін,
Гүлдей жайнап жүремін.
Көркейтемін елімді,
Мен қазақтың қызымын!
Тақпақтар
Толық