Тарих | Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты тарихи дерек ретінде

Міндеті мен мақсаты.Жұмысты жазудағы мақсатымыз - Ақтөбе облысының шаруашылығы мен әлеуметтік – мәдени салалары бойынша мұрағат қорларын жинақтап топтастыру, оны ғылыми айналымға енгізу.
Мақсатымызға жету үшін мынадай бірнеше міндеттерді алға қойдық.
- Мұрағаттағы облыстың шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни көзбен талдай отырып, салаларына қарай топтастыру;
- Өлкенің әлеуметтік – мәдени дамуына байланысты оқу – ағарту, мәдени және спорт салаларына қатысты қорларды бір жүйеге келтіріп, жинақтау;
- Ақтөбе облысының шаруашылық, мәдени – ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттар мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау;
- Мұрағаттағы қорлардың Ақтөбе тарихындағы орнын анықтау. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Лингвистика | Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ж. Ақбаевтың тарихи-саяси көзқарастары

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Кадрларды іріктеу проблемасының тарихи аспектісі

Кез келген ұжымдағы кадрлар таңдау бөлімшесінің және сол ұжым басқарушыларының жұмысы – қызметкерлерді іздеумен, іріктеумен әрқашан байланысты болады. Кадрларды іріктеу – бұл басқару ісіндегі негізгі функцияларының бірі болып табылады. Себебі адамдар ұжымдағы бар ресурстарынын қомақты түрде пайдаланып қана қоймай, оның экономикалық көрсеткіштеріне және бәсекелестікке тікелей әсер етеді.
Қызметкерлер кез келен ұжымның негізгі қозғаушы күші болып табылады. Көп жағдайда басқарушы – қаржылық, өнім шығару, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету немесе дайын өнім сату мәселелеріне басты назар аударады, ал осы жұмыстарды жасайтын адамдарға көңіл бөлмейді.
Кадрларды іріктеу кезіндегі кеткен қателіктер, әсіресе басқарушы орынға кадрларды таңдағанда, бүкіл ұжымға ғана зиянын келтіріп қоймай, сонымен қатар жұмыс іздеуші мамандарға да кері әсерін тигізеді.
Бір жағынан, жаңа кадрларды іріктеген кездегі жұмысының дұрыс жүргізілмеуі нәтижесінде болатын – кәсіпорындағы апат, бұрыс шешімдер, ақаулар - шығының тек бір бөлігін ғана қамтыса, ал екінші жағынан іріктеу кезіндегі кадлар бөлімшесінің жұмыстарының дұрыс ұйымдастырмауы нәтижесінде – нағыз профессионалды мамандардың іріктеуден бір, екі, үш рет өтпей (қайта өзінің квалификациясы және басқа да көрсеткіштері таңдап алынған жұмыскердің көрсеткіштерінен асып жатса да), өз күшіне деген бар үмітін жоғалтып, содан барып олар өзінде бар профессионалдық іскерлігіне төмен баға беріп, төмен ақысы төленетін жұмысқа орналасады, сонымен қатар өзінде бар профессионалды қасиетін төмендетуге мәжбүр болып қалады.
Мұның бәрі біздің еліміздегі білім алу деңгейі мен кәсіби даярлауына және көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсерін тигізеді.
Барлық деңгейдегі басқарушылар кадрларды дұрыс іздеу мен іріктеудің маңыздылығын түсіне білу керек және бұл әрекетерде қолданатын технологияларын түсініп қана қоймай, оны дамытып, өрбітіп жаңартып отыру керек.
Адам ресурстарының сапалығы, олардың осы ұйымның мақсатқа жетуіндегі және өндірілетін өнімнің сапалы болуындағы немесе қызмет көрсетуіндегі үлесі - персоналды іріктеу жұмысының дұрыс, тиянақты жүргізілуіне тікелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дипломатиялық қызметтің тарихи

“Дипломатия” сөзі АҚШ тарихында маңызды орын алады. Ол сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде АҚШ-тың бет-бейнесін көрсетеді немесе дипломатияның жүрегі АҚШ-та орналасқан деуге де болады. АҚШ-тың саясаткерлері мен мемлекет басшылары кез-келген мәселені дипломатиялық әдіспен шешуге болатынына кәміл сенген және олар бұл әдісті, қазіргі таңда, кемелдендіріп отыр. АҚШ-тың барлық саясаткерлері ерекше дипломаттар болып табылады.
Бұл термин, АҚШ өз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, шетел мемлекеттерімен барлық салада қарым-қатынас орнату негізінде өзінің биік шыңына шыға бастады. Тәуелсіздігін алған АҚШ, ендігі жерде басқа мемлекеттермен ашық сыртқы саясатын жүргізе бастайды, ал бұл өз кезегінде, бастапқы кезеңдерде, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде ғана іске асады. Орнына нық тұрып, күш жинаған АҚШ, ендігі сыртқы саясатында басқа мемлекеттерге өз гегемониясын орнатуға ұмтылады. Сөйтіп, АҚШ, тез арада бүкіл әлемді жаулап алатындығы белгілі. АҚШ-тың әлемді билеуі – оның жүргізіп отырған керемет сыртқы саясатына байланысты болды. АҚШ-тың сыртқы саясатын жүргізуші мемлекеттік басшылар (қайсысы болмасын) әрқашан басқа мемлекеттерге өз билігін орнатып, АҚШ туралы сол мемлекеттерде маңызды ой тудырып, сол мемлекетті саяси жаулап алуға тырысты және бұл кей-кездерде АҚШ-тың тікелей бұйрығы да болып отырды.
Қалай десек те, АҚШ-тың бұрын жүргізген және бүгінгі таңда жүргізіп отырған саясаты әрқашан да өзінің кең көлемді стратегиялық мағынасына ие болған және солай болмақ та. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы: тарихи шындық және көркемдік шешім

Тарихи романның бүгінде табан тіреген идеялық көркемдік биігі тым жоғары және бір ауыз сөзбен түйіндеуге сия бермейтін ішкі иірімдері мол, айшықты бояуларға бай күрделі әлем.
Оның тақырыптық ауқымының кеңдігі соншалық сонау баяғы заманнан бүгінгі күннің көкейтесті мәселелеріне дейін өзінің зор құшағына сиғызып алады.
Трихи роман жанрының сандық, сапалық жағынан гүлдене дамып, жоғары бір белеске көтерілген кезі 70-80 жылдар болды. Бірақ сол биіктік ол бір күнде алып, бір-ақ секіріп шыға қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай бірде бәсең, өшуге таяу күн кешіп, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып, түрлі бұралаң жолдардан өтіп келеді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әртүрлі деңгейде дамып келеді. Әрине, кеңес тарихи роман тарихы көптен жазылып келеді. Оған кеңестік тарихи романның 20-30 жылдардан бастап кейінгі кезеңдерін жинақтай пайымдаған монографиялық зерттеулер дәлел. Бұл жерде тек тарихи романдарға қатысты еңбектерді ғана еске салып отырмыз. Ал, жалпы әдебиеттің тарихилығы, роман теориясына қатысты еңбектер өзінше бір төбе. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болмасын өз кезеңіндегі әдеби процесстерді қорыта талдаған, уақыттық мәні бар еңбектер екені даусыз. Сонымен бірге, бұл зерттеулерге көздей шолсақ, ежелден сөз болып келе жатқан даулы, тартысты, қиын, түйіндері мол, сан тарау мәселелердің де бас көтеретінін байқаймыз. Қазақ елі тарихының әдебиеттегі көрінісі қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде көрініс тауып, кейіннен С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев еңбектерінде әр қырынан сөз болды.
Қазақ тарихи романының биік шыңы, асқаралы табысы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы десек, осы шығарма жарық көргеннен соң қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа, оны зерттеуге деген үлкен құлшыныс пайда болды. Соның нәтижесінде роман-эпопеяның қыр-сырын ашуға арналған іргелі-іргелі зерттеу еңбектері дүниеге келді. Олардың қатарында М.Қаратаевтың, А.Нұрқатовтың, З.Ахметовтың, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Р.Бердібаевтың т.б. еңбектерін атап айтуға болады. Солай дей тұрғанмен де бұл еңбектердің көпшілігі әдебиет пен тарихтың ара қатынасын арнайы монографиялық зерттеу объектісіне айналдырмай, тек поэтикалық бір қыры ретінде тілге тиек етеді. Бұл орайда О.Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы» (1979), Ж.Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) сияқты санаулы еңбектерімен З.Серікқалиевтің, М.Хамзиннің, Ж.Дәдебаевтың диссертациялық жұмыстарынан басқа ауыз толтырып айтарлықтай іргелі еңбектері аз. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктің құқыктық даму және оның тарихи аспектілері

КІРІСПЕ
Банктің пайда болуы
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім

[u][/u]
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбүрыс кезең де болып отыр. Осы "Үлы жаңару кезеңі" (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз үлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мүны бүкіл адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа XXI ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия, Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр.1
Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттің өзара ықпалдастығы - өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті қүбылыс. "Мәдениет - бүл диалог, пікір алмасу және төжірибе алмасу, басқа халықтардың қүндылықтары мен дәстүрлерін игеру - оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді", - деп атап көрсетілді мәдениет саласындағы саясат жөніндегі бүьсіләлемдік конференцияның Декларациясында.2 Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста
болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. ....
Курстық жұмыстар
Толық