Қайталанбас махаббат хикаясы

Осыдан жеті жыл бұрын. Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл үйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары - Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды.
Содан бері үш жыл өтті. Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрынғыдай ұшқынды, бойынан бұрынғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол - әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді......
Махаббат хикаялары
Толық

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды
Оқу мақсаттары: Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясын Батыс Рим империясының саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуын салыстырады және Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін талдайды ......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қайсар қаламгер, мұқалмас талант

Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес . Сан – салалы өлең – жыр , асыл сөз үлгілері – әдебиет саласындағы халық мұрасының куәсі. Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың рухани байлығы.Осынау асыл туындыларымен танымал болған ақын – жазушыларымыз қаншама ? Міне , солардың бірі – Хамза Есенжанов. Бұл есімді ойға алған кезде, талай адамның тағдырын талқандаған келеңсіз оқиғалар ойға оралады. Ол табиғаттың берген ақыл – ойымен талантының арқасында ажалға қарсы тұрып, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай , адамдар мінезіндегі аярлыққа кешіріммен қарап , қуғын – сүргіннен құтылған уақытта ғана қаламын қолға алып, аз уақытта қазақ әдебиетіне көптеген өзінің үлесін қоса бастады. Жерлес жазушымыз Хамза Есенжанов өз шығармаларында Ақ Жайық атырабында болған алуан оқиғаларды сипаттады. Жазушы Хамза Есенжанов сол кезеңдегі жағдайларды шеберлікпен анықтап көрсете алды. Х.Есенжанов негізінен қазақ прозасында сирек кездесетін образдар жинағын жасады. Оның кейіпкерлерлерінің көбі қайсар мінезді , қиын тағдырмен күресе алатындай, алғыр болатын. Х .Есенжановтың кейіпкер жасаудағы тәжіребиесі, оның « типтік жағдай », « типтік орта », « типтік мінез» деген ұғымдарға мейлінше салмақ салғанын аңғартады. Негізінен менің ойымша, қазақтың тарихында Хамза Есенжановтың « Ақ жайық» эпопеясындай басқа шығарма болған емес. Хамзаның өз туған жері туралы көлемді шығарма жазуы – бұл өзінің патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейде қалыптасуының көрсеткіші болса керек Жазушы Хамза Есенжанов осы туындысы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « Ақ Жайық » эпопеясының өмірге келуіне себепші болған бірден – бір адам София Жақияқызы Тастемірова болатын.

Хамза Ықсанұлы туралы әңгіме еткенде, оның өмірлік серігі София Жақияқызына тоқталмай өтуге болмайды . Ол айдаудағы жарының артынан еріп, қуғын - сүргіннің ауыр тауқыметін бірдей көрді . Хамза ағаны тікелей мағынасында ажал аузынан аман алып қалды . Хамза Есенжанов романдары - қазақ прозасында бұдан бұрын жасалған тұлғалы туындылардың ешқайсысын қайталамай, тарихи шындықтың панаромасына өз картинкаларын қосып , типтік образдар галериясына өз кейіпкерлерін қосқан кесек туындылар. Октябрь революциясы мен азамат соғысының дауылды жылдарының Батыс Қазақстанда өріс алған оқиғаларын әр қырынан суреттеп берген бұл туындыларда оның кейіпкерлері сол оқиғаларға қатысқан әлеуметтік топтардың сырын ашып, ролін анықтаған жинақты да нақты образдарға айналған . Олардың даралық қасиеттері өзді – өзіне тән айқын да айрықша ерекшеліктерімен көрінуі әрқайсысын айнытпай танытады ......
Шығармалар
Толық

Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: XI Людовиктің қызметін талдаудың мысалы ретінде орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуының маңыздылығын дәлелдеу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: XI Людовиктің қызметін талдаудың мысалы ретінде орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасуының маңыздылығын дәлелдеу.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұхтар Әуезовтың қайталанбас, асыл мұрасы

Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік әдебиет пен мәдениетке қымбат қазына қосқан, «сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін» әлемдік құбылыс, қазақ әдебиетінің шыңы саналатын, қазақ халқының ғасыр перзенттерінің бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Мұхтар Әуезовтың есімін атаған кезде ең алғаш Абай бейнесі, «Абай жолы» эпопеясы көз алдымызға келеді. ««Абай эпопеясы-творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» деген екен М. Луконин.

Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.

Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш......
Шығармалар
Толық

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақ тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
Сабақ мақсаттары: Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақ тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
Сабақ мақсаттары: Византияның ұзақмерзімділік себептерін анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ежелгі Үндістан: Буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі
Сабақтың тақырыбы: Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды
Оқу мақсаттары: • ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
• ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекетпен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • ежелгі үнділердің шаруашылық туралы білу
• ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағдарларына сипаттама беру
• ғылымдардың дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық