Ақ әжем

Ұрыспайды ешқашан,
Еркелетер «Ботам» деп.
Сыйлы адам бәріне
Менің әжем, ақ әжем!
Тақпақтар
Толық

Ақ әжем

Қарт әжемнен айналдым,
Өлең оқып үйреткен.
Ұстазыма ұқсаған,
Мен әжемді ұнатам.
Мектепке бармай тұрғанда,
Жаттау жатта деп айтқан.
Шаршап кеткен кезімде,
Ертегісін оқыған.

Тақпақтар
Толық

Әжеме

Ақжаулығың қолда,
Алаң болып жолда.
Күте–күте шаршадың ғой әже,
Қою қара шәйің.
Кәмпит пенен майың,
Жиналмаған дастарқаның әже.

Тақпақтар
Толық

Менің әжем

Қамқор болған қашан да,
Менің әжем ақ әжем.
Тірегім болған қашан да,
Алтын әжем, ақ әжем.
Тақпақтар
Толық

1 қыркүйек - білім күні, алғашқы қоңырау

Құрметті оқырмандар! Алғашқы қоңырауға балабақшада мектепте балалар айтатын тақпақтар мен өлеідер жарияланды. 1 қыркүйекте білім күнінен арналған тақпақтарды айтып ата-аналарыңызды қуанта аласыз!

Тақпақтар
Толық

«Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Күздің алғашқы күні (1 Қыркүйек – Білім күні)

Тақырыбы: Күздің алғашқы күні 1 Қыркүйек – Білім күні.

1. Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті ата – аналар мен ұжымдастар. Бүгінгі күн бәрімізге өте ерекше күн, алғашқы қоңырау соғылып, білімнің жаңа оқу жылы басталды. Алғашқы білім күні құтты болсын!

2. Жүргізуші: Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1 - қыркүйек. Бұл ата - аналар үшін де, балалар үшін де, тәрбиеші үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім алып, тәрбие алып жүрсіңдер. Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!

1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді «Толағай» балабақшасының менгерушісі: Усенова Зәуреш Орунбасарқызына беріледі.

Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Мектебім

Өзіңнен қанат жайдым,білім алдым,
Мектебім алтын ұя,дара бағым.
Ұстаздың биік қойып мәртебесін,
Жырымды шын ниетпен....
Өлеңдер
Толық