Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық-бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Қонақ күту етті табаққа қалай тартады

Қазақ – қонақ күтуге ерекше мән беретін халық. Әсіресе, дастархан басындағы кәде-жоралғыларға әсте естен шығарған емес. Соның ішінде ет асып, оны табаққа тартудың өзіндік тәртібі мен ретін сақтап отырған. Бұл үй иесінің келген қонаққа көрсеткен құрметі деп есептеледі. Сіздердің назарларыңызға бүгін мал етінің мүшелері мен оның табаққа тартылу ретін ұсынамыз.

Бас ірі қарада екі шеке деп аталады.

Жақ ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

Жақ ет, ұрт ет ірі қарада бөлек алынып, қазанға бөлек түседі.

Мойын, алты буын негізінен сыйлы қонаққа, құрметті адамдарға арналған үлкен табаққа салынбайды. ......
Кеңестер
Толық

Табақ тартуды білеміз бе

✅ Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі.
Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.......
Кеңестер
Толық

Құдағи табақ

Құдағи табақ – қазақтың құдағи күту жолында, дастархан жаю салтында да үлкен жол бар, тәртіпті мән мағына бар. Ері қайтыс болған, құда жоқ, құдағи ғана келгенде, «құданың жолы», «өлі-тірінің сыбағасы» деп бас, жамбас, омыртқа, арқа, белдеме, қазы-қарта, жал-жая, қарын, қимай, ортан жілік, жауырын, құйрық-бауыр салынған үлкен сый табақ тартады. Мұны қазақ кәдесінде «құдағи табақ» деп атайды.

Ал, ері тірі әйелдерге әдетте бас тартпайды. «Бас тартса, байы өледі» деп ырымдайды. Әкесі тірі балалар да бас мұжымайды, жемейді, басты қолына да алмайды. «Әкем тірі, бас мұжымаймын» деп жатады.......
Кеңестер
Толық

Табақ тарту ережесі

Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.

? Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.

? Құдағи табақ - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.

? Жеңге табақ - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.

? Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.

? Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың. ......
Кеңестер
Толық

Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?

"Шоу-бизнестің заңы қатал. Толысып, артық салмақ қосқан жұлдыздарға жол жоқ". Мұны тіпті әнші қыздар ғана емес, жігіттер де растайды. Өнер үшін жан пида дейтін жұлдыздар сахнаға сәні мен сымбаты келіскен болып шығу үшін қандай қадамдарға барады? Бұл сұраққа жауапты 31 арна іздеді.
Жаңалықтар
Толық