Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода , элегия , баллада , сонет , т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай ( аңшылық , төрт түлік , наурыз өлеңдері ), ескілікті наным-сенімге байланысты ( бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі ( салт , үйлену , мұң-шер өлеңдері), қара....
Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түр-лі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам, көл, қабырға, үлкен, сусын, бала, тау, көтеру, аға, таныс, киім, шөп, отын тәрізді бір топ сөзді қылпың, тыраш, қақшу, тойтаңдау, жортақы, дедектеу, қаздаңдау, қымыңдау, шал-жию, қымқу, көститу, төпелеу, дардию, тыраю, ызғыту, еміну, тырбықай, пысықай, құқай, тықақ, шыпжықай, тұштақай дегендермен өз ара салыстырсак.....