Ағылшын тілі | Жалпы білім беретін мектептерінің орта буын сыныптарында ағылшын тілі лексикасының сөздік қорын кеңейту әдісі

Кіріспе.
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, еліміздің әлемдік қарым-қатынас барысында шет елдермен байланыс орнатуы ағылшын тіліне үйретудің қажет екенін көрсетеді. Осыған орай еліміздің жалпы білім беретін орта мектептерінде шет тілі ретінде ағылшын тілін оқыту таңдауға алынды.
Жоғарыда айтылған тілдің маңыздылығын ескере отырып, шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отырғаны -бәрімізге мәлім. Әрбір оқушы - ертеңгі жас маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны да бізге белгілі. Сол ағылшын тілін оқып - үйрену әліпбиден бастап мектеп қабырғасында оқытылып, іргетасы осында қаланатынын ескерсек, ағылшын тілін оқытудың әдістерін бүгінгі күн талабына сай етіп, оқушыны ынталандырып, қызықтыра білудің өзі үлкен ізденіспен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде түрлі ұтымды әдістерді қолданып, сабақ барысындағы іс- әрекеттерді тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының ынтасын арттыру қажет.....

Курстық жұмыстар
Толық

Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері

Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемелекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған.
Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабаының 6 тармақшасында «Мемелекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.
Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Ленотьевтің және басқа психологтардың көзқарасымен келісе отырып адам психикасы әрекет процесінде белсенді өзгеріп отырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзетіп және оқыту барысында , адекватты түрде тәрбиелеу кезінде мұндай балалардың бойында өз-өзіне қызмет ету және оларды профессионалды дағдыларды үйретуге болатынын аналарына түсіндіреді.
Бұл мемлекетті оларды арнайы мекемелерде қамтамасыз етуден, ал балаларды қоршаған ортаға тәуелділіктен және толық көмексіздіктен босатады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық