Мағжан Жұмабаев (Ертеңгі сәулелер)

Көкте жүзіп жарық күн,
Нұрын шаша бастады.
Оянсын деп жер жүзі,
Алтын сәуле тастады.
Бірінші сәуле ұшты да,
Бозторғайды оятты.
Сескеніп, сасып торғайың,
Жалмаң қақты қанатты.
Көтеріліп аспанға,....
Өлеңдер
Толық

Айдың әппақ сәулесі...

Өңім бе, не түсім бе, жанарымның жарқылы сол бір бейтаныс бейненің әлденеше рет бой көрсетуін тағы бір мәрте аңғарғандай. Көзайым боларлықтай таңғажайып па екен өзі? Әлде, көз жауын алатындай емес, көңілге дақ салатындай келбетсіз кескінге, тартымсыз тұрпатқа ие ме? Сансыз сауалдар санама сыймай, сергелдеңге салды. Ойыма оралса – жаным тыныштық табады, жадымнан жырақтаса – көкірегімді мұң кернейді. Қандай алапат күш бұл? .....
Әңгімелер
Толық

Биология | КҮРДЕЛІ СӘУЛЕ АУРУЫ

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.
Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жиі сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.
ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.
ЖСА-ның 4 мерзімі болады;
- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді, басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;
- екінші мерізімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа, адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;
үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін, қан ұйысууы бұзылады, эалпы организмның қорғаныс күштері бәсеңдеп инсфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді; ....
Рефераттар
Толық

Есей Жеңісұлы | Айсәуле


Жеңгесі өзінен төрт жас кіші. Бірақ «жасым кіші» деп жүрген ол жоқ, таңертеңнен құлақ етін жеп, шегелеп тұрып айтқан. «Бүгін Зейнеппен жолықтырамын, ешқайда қашып кетпе. Кешкісін Әскердің үйі босайды. Бала-шағасымен Көлбұлаққа кетеді екен. Қызды сонда әкелеміз. Қиқаң-сиқаңды қой. Бүгін не бүк, не шік болып шық» деп салмақ сала сөйлеп, дік-дік басып шығып кеткен. Жеңгесінің аты — Әсел, осы ауылдың қызы. Мұның екінші атадан қосылатын ағасы Мінуарға тұрмысқа шыққанына он екінші жыл. Жасы отызға осы көктемде ғана толса да, Әсел ажары тозып-ақ қалған. Тозбай қайтсін, бірі етегіне, бірі жетегіне жармасқан төрт баланы бағып-асырау оңай болып па?

Мінуар ағасы Әселге үйленгенде Ғұмыр әскерден жаңа келіп еді. Өзінен төрт сынып төмен оқыған қыздың келбетін әуелде көз алдына келтіре алмай-ақ қойған. Дегенмен екеуі жеңге-қайны болып тез табысты. Ғұмыр Әселдің ашықтығын, ақкөңілділігін жақсы көреді. Ашуының зілі жоқ, дүңк еткізіп айта салады да, артынан өзінің не айтқанын ұмытып қалады. Қазір есіне түсірсе, Әсел келін болған он екі жыл ішінде ол тек Ғұмырға қалыңдық іздеумен күн өткізген сияқты.

Ғұмыр — бір үйдің жалғыз ұлы. Жасы биыл отыз төртке шықты. Әлі бойдақ. Әсел жеңгесі мұның бойдақтығын жасықтығынан, жуастығынан көреді. Ғұмыр шынында да тым жуас. Момын. Үндемес. Төрт әпкесі де күйеуге тиіп кеткен соң қарт ата-анасына қарап үйде қалған. Оқыған жоқ. Өзінің талабы да болмады. Білетіні — жазда қолына ұстайтын шалғысы, қыста — айыры......
Әңгімелер
Толық

Биология | ондық сәулелендірумен зақымданғанда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.



Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. .....
Рефераттар
Толық

Қазақстандықтарға жинаған зейнетақысын ертерек алуға рұқсат беруі мүмкін

«БЖЗҚ» басшысының орынбасары Сәуле Егеубаева зейнетақы заңына өзгеріс енетін болса, қазақстандықтар зейнетақыны мерзімінен бұрын алып, оны оқуға, ипотекаға және еміне жұмсай алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық