Сау болу - сәнді

Адамға көп айтылатын тілектердің ішінде «денсаулығың зор болсын» дегенді жиі естиміз. Кейбіреулер осы сөздің түп төркініне үңіле бермейді екен. Адамның басты байлығы – оның денсаулығы, жан саулығы, тән саулығы. Денсаулық болмаса, дүниенің де, байлықтың да, ойын-сауықтың да қажеті жоқ. Сондықтан берілген мүмкіндіктерді пайдаланып, денсаулықты күтіп, оны бір қалыпта ұстап тұрудың амалын қарастыру керек.

Қазіргі таңда спортпен, физикалық жұмыстармен айналысып, өз денсаулығына, дене бітіміне қарайтын жастардың қатары көбейіп келеді. Бұл бір үрдіске айналып бара жатқандай. Ақпарат таратуда алдыңғы орында тұрған әлеуметтік желілерде дұрыс тамақтану, салмақ тастап, арықтау сынды түрлі тақырыптарда жазатын блогерлерді көптеп көруге болады. Бұл әрине көңіл қуантады. Ондай адамдарға еліктеп, өз өмірін дұрыстап жатқандарды да көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Осылай-осылай салауатты өмір салты сәнге айналып, спортпен шұғылданушылар қатары артады дегенге сенімім мол.

«Салауатты өмір салты» деген тек физикалық қимыл-қозғалыспен айналысып, өзін-өзі шаршату дегенді білдірмейді. Ол жәй ғана жаяу жүріп серуендеп, дұрыс тамақтанудан басталады десем болады. «Салауатты өмір салты» деген сөз тіркесін әркім өзінше түсінеді. Мен бұл тақырыпта сөз қозғап, жазғаным тек үшінші жақта «керек, керек» дегенмен шектелмей өз ойымды білдіруді жөн көрдім.......
Шығармалар
Толық

Жеңісім – салтанат, сән, сәулет

Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды......
Шығармалар
Толық

Ұқсатымдылық талғам және сән (5 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: Ұқсатымдылық, талғам және сән
Сабақтың оқу мақсаттары: О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтіннің жалпы мазмұнын толық түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді тез және тиімді оқып түсіну, керек ақпаратты жылдам тауып, өңдей алады;
Оқушылардың кейбіреуі:
Мәтінді тиімді оқып-білу жолын меңгереді;
Астарлы ойдағы маңызды ақпаратты креативті жеткізіп, дербес ой білдіреді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

1-сабақ Киіну Сән Талғам Оқшау сөздер (5 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: 1-сабақ Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер.
Сабақтың оқу мақсаттары: Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Эмоционалды сөздерді қосып, диалогке қатыса алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Оқшау сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқушылардың кейбірі:
Эмоционалды-экспрессивті сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқшау сөздерді орынды қолданып, дербес ой білдіреді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы:«Ұқсатым. Сән. Талғам.» №3
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:7.ТБ1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаттары:Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін біліп, жазба жұмыстарда қолдану.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сән (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: Сән
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.
Сабақтың мақсаттары: Ресми іс-қағаздар стилінде берілген мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін анықтап, талдау жасау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ұқсатым. Сән. Талғам» №2 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам» №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т3 Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаттары: Тыңдалымның лексикасын түсініп, қолдана алады. Тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселені анықтайды.............
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам» № 1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
Сабақтың мақсаттары:Заманауи киім үлгілерінің жастарға әсерін саралай келіп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп эссе жазады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ұқсатым. Сән. Талғам.» (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.
Сабақтың мақсаттары: Оқылымға қажетті сөздердің мағынасын біледі. Мақал-мәтелдер, терминдерді қолданып, мәтін мазмұнын дамытады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық