Жолын ашқысы келген кісі үшін 10 әдіс

Алла Тағала Құранда Өз құлдарына: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят) деп ескертеді. Алла айтса, қашанда ақиқат! Және мұнда бір жақсылықтың болуы да мүмкін. Алайда, кейде қиыншылықтардың тым көп болуын «жолым жабылып қалдыға» балап, көңілге уайым ұялатқан тығырықтардан шығудың оңай жолын іздеуге.....
Кеңестер
Толық

Намазда оқылатын қысқа сүрелер

Фатиха сүресі

 

 اَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيم  بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِِ

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾

 
Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим 
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»
Мағынасы:
Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаһқа сыйынамын Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын.
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаһқа тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 
5. Бізді тура жолға сал. 
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

Кеңестер
Толық

Тұрмыс құрғысы келетіндерге 7 кеңес

Отбасын сақтайтын махаббат емес, сүйіспеншілік пен мейірімділік. Бұл қос сезіммен үйге тыныштық пен жан рахаты ұялайды. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптылардың иығына теңдей жүктелетін міндет. Десе де, әйел затына жауапкершіліктің басым бөлігі тиетіні белгілі. Өйткені, әйел – күйеуінің игі ісіне жәрдемші һәм перзенттерінің мейірбан анасы. Сондықтан, бойжеткен жұбайлық жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа ерекше мән бергені жөн.

1. Таңдауда жаңылма

Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса маңызды шешім. Себебі, әйел тұрмыс құрумен өз тағдырын өзге еркектің қолына тапсырады. Ер азамат бойжеткеннің діни танымы, мінез-құлқы, көзқарасы қала берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық