Экономика | Қазақстан Республикасындағы шет елдер инвестициясы

Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей тікелей шет елдер инвестициясымен
және жаппай жұмылдыруды қолданумен тығыз байланысты.
Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша негізгі екі түрге бөлінеді:
1. Тікелей шет ел инвестициясы (ТШИ) Халықаралық реформада қолайлы(эффекті)
Қаражат болуы мүмкін, бірақ ТШИ көлемі мен инвесторлардың мүддесі экономикалық
өзгерістердің тиімділігіне байланысты.
Сондықтан, Қазақстан бұл процессте экономикалық өзгерістерге жол беруде, шет
Елдердің қатысуымен өзінің стратегиясын анықтауы тиіс. Шет ел капиталын қабылдауы мен қолайлы жүйе болып мемлекеттегі инвестициялық қал ахуалдың игілігінің құрылуын болжайды.
Инвестициялық ахуал- саяси жиынтықтардан, әлеуметтік-экономикалық, қаражат-
Тық, мәдени әлеуметтік, құқықтық-ұйымдық және географиялық факторлар, осы немесе сол мемлекеттің мәні, қарсы және тартымдылық қызығушылықтарын білдіреді.
Инвестициялық ахуалды үш үлкен топқа бөлуге болады:
- Саяси;
- Экономика- қаражаттық;
- Әлеуметтік;
Берілген сарапшы сауалдамалары сәуір айының 2000 жылдағы Республика орталығының қызметкерлерімен өткен стратегиялық жоспарлау агенттігі жалпы ойлау білімділігімен бірігіп, басты фактор, шет ел инвестициясының шекті ағыны тұрақсыз заңдардың негізі және 66 проценттік заңды саладағы жиі өзгерістері тұрақсыз болып табылады.
Инвестициялық ахуалдың факторларын негізгі ТШИ-ның жағымды және жағымсыз ағыны деп екі үлкен топқа бөлуге болады:
Қазақстандағы шет ел инвесторлары жағымды факторлардың келесі түрлерін анықтап көрсетеді.
1. Табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігі біріншіден, үлкен табиғи ресурстардан басталуымен байланысты болады(мұнай және газ,АҚШ-тың 9трлн. долларымен бағаланатын түсті және сирек металлдар). Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанның мұнай қоры Иран менИрактың мұнай қорымен тайталаста. Сонымен Қазақстан келесі ғасырдың басында мұнай державасына айналып, жылына жүз млн. теңге көлемінде мұнайды экспортқа шығаруы мүмкін.
2. Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы дамушы елдердің нарықта қатынасуымен байланысты( Ресей, Қытай,Оңтүстік Азия).
3. Қазақстан ТМД елдері арасында экономика мен қоғамды түрлендіруде алдыңғы шекте келеді. Қазақстанның 2030 стратегиялық жоспары бойынша Орта Азиялық барысқа айналады деп тұжырымдайды.
4. Үлкен нарық әлеуеті.
5. Мемлекеттің сыртқы саясаты.
6. Ішкі саяси тұрақтылық.
7. Пайданың әлеуеттік коэффициенті.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА Абылай хан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін, ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші және Орта жүздердегі кейбір иеліктерін сақтап қала алмады. Кіші жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының иелігіне шек қойылды. Өлген хан Әбілқайырдың басты тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде екі хандық орын тепті: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды. Ресеймен іргелес Кіші жүзде екі хандықтың құрылуы, әрине, патша үкіметінің осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үтттін қолайлы еді. Ресейдің Кіші жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары бірқатар өзгерістер енгізді.
1735 жылы Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезінде патша әскери күштерінің қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас сауғалап көрішілес Қазақстанға қашты. Көтеріліске қатысқандарды үрейлендіру және қашқындарды еліне қайтару үшін патша үкіметі әр түрлі айла-амалдар қолданды. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берді. Алайда қазақ жұртына патша әкімінің хатынан гөрі башқұрттардың көтеріліс басшысы Батыршаның үндеуі жақын еді. Көтеріліске қатынасқан башқұрттардың негізгі бөлігі қазақ ауылдарынан өздеріне қорғаныш тауып, кейін Башқұртстанға қайта оралады. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті.

1.2. Жоңғария мемлекетінің құлауы.
1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін, Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында қайшылықтардың күрделенуі барысында зауыттармен, кен орындарына қауіп төнді. Осындай жағдайда патша үкіметі, бір жағынан, өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, екінші жағынан, Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен қазақ жерінде немесе оған тікелей іргелес өңірде бекініс шептерін кеңейтуге кірісті. Оған дейін 1747 жылы Алтайдың байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған еді.
1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Орталық Азияда қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұл жағдайды Пекин сарайы да өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көктемінде әскердің бір бөлігін Өмірсана бастаған орасан зор қолды және басқа ірі әскери топты Жоңғарияға аттандырды. Бір-бірімен қырқысып, әлсіреген жоңғар феодалдары Цин әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. 1755 жылғы шілде айының 19-ында император Цянь-Лунның жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Рефераттар
Толық

Химия | Мақта өнімдерінің химия саласында қолдануы және алынуы

Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады.
Мақта осы кездегі Орта Азия республикаларында, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу територияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказья мен Балқанда мақта б.з. 10-11 ғасырларында егіле бастаған.
Қазақстанның мақтасына келсек, Қазақстанның оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген, Келес, Киров, Мақтарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы өмір және өлім мәселесі

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді. Олардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл ойшылдардың сол заманда-ақ көтер¬ген мәселелерінің мәні өте терең екенін және айтқан ойларының мағынасын енді ғана толық түсіне бастағанымызды байқаймыз. Шын мәнінде олар өз заманынан озық туған тұлғалар еді.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық ойы Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, музыкада, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы — шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информатика курсында білімді моделдеу.

Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объект аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы және біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкіндіктері сәйкессіз болды. Ұзақ уақыттар бойына «модель» түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс

ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған " Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы " атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап – барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.

Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.

Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта – жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану – болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.

Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.

Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.

Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.

Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Көлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі

«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көлік саласы бойынша мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсетеді. Олар: жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру және халықаралық техникалық байқау сертификатын беру.
Аталған екі мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар өтініштерін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) тапсырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ала алады.
Лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
лицензияны алуға:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;....
Рефераттар
Толық