Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы. Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3 кеңістікте параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану Сабақ мақсаттары: Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану. .....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуы Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулердің анықтамасын біледі, оларды кескіндейді және анықтайды Сабақ мақсаты: кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулерді анықтауды, кескіндеуді, қолдануды біледі және оларды есеп шығаруда қолдана алады.....
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 2. Қонақтардың орналасуы 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару. 4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру 5. Әнұран шырқалады. 6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз) 7. Ән жолданады. 8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы 9. Салтанатты жиынның жабылуы. 10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын.....
Пән: Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері Сабақтың тақырыбы: Нүктелер мен түзулердің орналасуы. Кесінділер мен бұрыштарды өлшеу. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.3.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану; 7.3.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану(реттік аксиомасы); 7.3.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану; 7.3.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану; Сабақтың мақсаттары: Оқушылар: - планиметрияның аксиомаларын біледі; - түзу бойындағы нүктелерді ретімен орналастыра алады; - кесінділердің қасиеттерін біледі және қолданады; - бұрыштардың қасиеттерін біледі және қолданады;.....
«Қу да қу түстен кейін жолдас-ты» деген емес пе? Бір күні түс ауа берген мезгілде табиғаттың гүлденіп, нұр беріп тұрған шақта оңаша ат шаптырғандай ашық даласында таз, жалақ, сулы көз – үшеуі кездесіпті. Біраз отырып, басынан өткен қызықты әңгімелерін қыздыра отырып, таз жолдастарымен: «бір нәрсе ойлап отырмын», – деді. – Айт, айт! Біз үшеуміз жолымыз түсіп, қосыла қалған екенбіз. Күнде мұндай бас қосылып, көңіл көтеру табыла бермес. Сондықтан қыз күнімізге дейін ескерткіш болу үшін мен ойлағанымды орталарыңа салайын. Менің жолым алыс, сендерді білмеймін, егер де мақұл көрсеңдер, маған біраз жерге серік болыңдар, бұл – бір. Екінші, сонау мұнарланған төбеге жеткенше мен басымды қасымаймын, сулы көз көзін сүртпесін, жалақ ернін жаламасын. Міні, осыны орындаған күнде біздердің қай жерде жүргенде де қулығымыз тірі жаннан кем болмайды, – деді. Сулы көз жалақ екеуі ақылдасады. «Мұның да айтқанын істеп көрейік. Осы бізден бұрын өткендер «өнерді үйрен де жирен» деп, неге айтты дейсің? О да осындай жастарына үйрене бер деген ақыл ғой, екеуміз де болады дейік, – деп, тазға келді. Таз: – Не ойладыңдар, мырзалар!......
Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын, өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен. Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып, тұғырдан түсіп, тоқсанға келіп, тоқтасып қалған шағында бір үйде бастары қосыла қалыпты. Осы екі өтірікшінің екеуінің де құрыққа сырық жалғап, бір сөзге екі сөзді қосақтап, көпіртіп, лепіртіп сөйлеуді өздеріне үлкен өнер санайды екен. Бұлардың ол сырына ежелден қанық, өзінің үзеңгілес жолдасы төреші Тайжан: – Үшеуіміз де кәрі буын, көпті көрген көне екенбіз. Келешектің гүлі – жас буын, мынау отырған балбөбек балалар да ести отырсын. Мал сойылып, ас түскенше сары қымызды сіміре отырып, әңгіме дүкенін құрайық. Кәне, Түсіпбек пен Бейсенбек, өткен-кеткеннен әңгіме шертіңдер, – депті, оларды тым қолтықтай түсіп. – Жөн айтасың, Тайжан! Мұндай бас қосыла бермейді, бас қосылғанда көңілді отырған бір ғанибет. Бірақ төрешіміз өзің бол, кәне, қайсымыз бұрын сөйлейік, – депті Түсіпбек, желпіне отырып.......
Алдардың аты шыққан алдаушы еді, Алдауға Алдар жанын жалдаушы еді. Алдармен бір-екі ауыз сөзге келсе, Алданбай ешбір адам қалмаушы еді. Келсе де, жасы елуге сақал-мұрт жоқ, Жасы үлкен дегенге ешкім нанбаушы еді. Көрмеге мүләйімдей бір жас жігіт Сөйлесе, алдына жан салмаушы еді. Иегі жас баланың өкшесіндей, Әжімсіз бетін кіршік шалмаушы еді. Сол үшін атанып ед «Алдар көсе» Әркімді алдауменен әлденеше. Жүзбе-жүз таныстығы болмағанмен, Адам жоқ білмейтұғын Алдар десе. Алғалы Алдар бір күн жолға шықты, Әркімді-ақ алармын деп, Алла берсе,......
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. Бір күні бұл екеуі кеңесіп: – Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. – Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.
Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін. Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.
Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!