Өлең: Қазақ тілі, ана тілі, туған тіл

Қазақ тілі

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген .....
Подробнее
538,5 -297,5

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ғашықпын)

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрміз көңілсіз?
Кетем бе деп қапаланып өмірсіз
Шын ғашықпын....
Подробнее
809,5 -446,5

Өлең: Абай Құнанбаев (Қыс)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс....
Подробнее
492,5 -286,5

Өлең: Абай Құнанбаев (Өлсе өлер табиғат, адам өлмес)

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын....
Подробнее
652 -370

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Құлақтан кіріп, бойды алар)

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді....
Подробнее
377,5 -216,5

Өлең: Абай Құнанбаев (Желсіз түнде жарық ай)

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің....
Подробнее
124 -67

Өлең: Абай Құнанбаев (Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы)

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз....
Подробнее
214,5 -121,5

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Үш бақытым + видео)

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен....
Подробнее
563,5 -329,5

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Анашым)

Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған....
Подробнее
783,5 -455,5

Тақпақ: Балабақша, Бастауыш | 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев)

Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Ол да аямай жанды салды,
Жету үшін мұндай сыйға,
Нұрсұлтан Назарбаев Ел басшысы
Көгіңдегі тудай сыйла.

Бағыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам
Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған
Қамқоршы басшы ағаларым аманда
Мен қашанда құлпырамын, нұрланам.
Подробнее
1533,5 -865,5

Өлең: Абай Құнанбаев (Күз)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ....
Подробнее
195 -110

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Заман ақыр жастары)

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті....
Подробнее
382 -213

Тақпақ: 1 мамыр - Бірлік, ынтымақ, бейбітшілік, татулық күні

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық.....
Подробнее
1 0

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап)

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен....
Подробнее
34,5 -18,5

Қазақша тақпақ: Отбасы күні (жанұя, отбасы, әулет, ата-ана, әке, шеше, бала)

Ерте кетіп жұмысқа,
Үйге кештеп қайтатын,
Болған күндіз құрылыста
Қызықтарды айтатын.

Жаз келісімен,күн қызып,
Машинасын жүргізіп,
Барлық көрші баланы
Маған қоса мінгізіп,
Аралайтын.....
Подробнее
150 -82

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Арыз жазып кетейін)

Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың.....
Подробнее
202 -118

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге....
Подробнее
138,5 -82,5

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қалың елім, қазағым, қайран жұртым)

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды....
Подробнее
39 -22

Өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып.....
Подробнее
18 -10

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат)

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар.....
Подробнее
9 -6

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Отан)

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды.....
Подробнее
379 -224

Тақпақ: 1 қыркүйек - білім күні (алғашқы қоңырау, балабақша, мектеп)

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
Подробнее
319 -180

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жасымда ғылым бар деп ескермедім)

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім...
Подробнее
32,5 -18,5

Өлең: Абай Құнанбаев (Жазғытұры)

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер.....
Подробнее
21,5 -11,5

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жастарға)

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар.....
Подробнее
267,5 -150,5

Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ұлы достық)

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты...
Подробнее
68 -41

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Махаббат па?)

Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?
Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек....
Подробнее
179,5 -99,5

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бақыт деген)

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»

Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын....
Подробнее
46,5 -26,5

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін)

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек.....
Подробнее
32 -20

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Интернатта оқып жүр)

Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ....
Подробнее
133,5 -76,5