Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
М.Мақатаев
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды.
Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Шығармалар
Толық

Ардагерлер-естелігі соғыстың

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!......
Шығармалар
Толық

Халықты зар жылатқан - соғыс

Соғыс. Естігенде денең тітіркеніп, жүрегің мұздап, бойың дір ете қалады. Соғыс ол күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, халықты зар жылатқан, жас бүлдіршін балаларды жетім қылған, аналардың сүйеніші болған ер азаматынан, көз айым болган тірегі баласынан айырған, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын аты жаман ажал.Сондай бір қазақтың басынан өткен ауыр кезең – Ұлы Отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта өзінің ойып тұрып орнын алған, мәңгі есте қалатын күн. Сонау 1941 жылы басталған бұл соғыс тып-тыныш жатқан қазақ ауылының тыныштығын бұзған. Ойда жоқ та жым-жырт жатқан ауыл тұрғындарына фашистік германия әскері шабуыл жасап, каладағы, ауылдағы жас бозбала жігіттерді, ағаларды жаппай әскер қатарына қосып, тіпті апаларымыз да соғысқа аттанды.Сол бір азаттық жолындағы күрес үшін аға – апаларымыз өз жанын аямады.Олардың елім, жерім, халқым деген жүректері тек тәуелсіздік, азаттық, бостандық деп соқты.Олардың елі мен жеріне деген махаббаты соншалық өз денесін оққа тосты, жеңіс жолында аянбай еңбек етті, өмірлерін пида етті.
''Отан үшін отқа түс-күймейсің, Отан оттанда ыстық'' – деген мақалдар осыдан, осы аға – апалардың ерлігінен қалған тәрізді. Бұл соғыста қаншама бауырларымыз қаза тапты, отан алдындағы борыштарын ерлік пен атқарып қаза тапты. Қаншама күн, қаншама түн, аспаннан қарша бораған оқтар, зеңбіректер мен танклердің гүрсілдеген дауыстары, күннің ыстығы мен суығына, азық- түліктіңі аздығы, киімнің жетіспеушілігі, төсек – орыннын болмауына қарамастан жеңіс деп ұрандап алға шапты. Осындай ер жүрек қазақ ұлдарының намысын, өр рухын ояту үшін, күшіне- күш қосу үшін қазақтың ақындары, әншілері, тіпті балуандары өз үлестерін қосты. Әнші апаларымыз қалаларды аралап, ар түрлі казармаларға барып сарбаздарды соғысуға шакырып өздерінің әндерін айты.Сол сияқты қазақтың аттақты балуаны Қажымұқан атамызда үлесін қосты.......
Шығармалар
Толық

Соғыстың құсы қазақ көгіне қонбасын!

Әлемде екі бірдей нәрсені ақырызаман деп атауға болатын секілді: бірі – табиғат құбылысының әсерінен болса, екіншісі адамға қайғы – қасірет әкелген сұм соғыс. Себебі барлығымызға да белгілі ғой. Соғыстың нәтежиесінде екі ғана жол елдің тағдыры болып табылады. Біріншісі жеңіп бостандық алу немесе жеңіліп, біреудің өмір бақи құлы болып өмір сүру. Бұл әрине екі дүние арасы емеспе? Осы заматты да ата – әжелеріміз өз басынан өткерді. Талай тауқыметті көрсе, осынау сындарлы кезеңнен аман шықты. Елі үшін, жері үшін аянып қалмады. Халқын азат ету жолында қаққан қазықтай тік тұрып, ажалға мінді. «Майдан» атты кемеде бірге жүзіп, ұрандап, кеуделерін оққа тосты. Күн демей, түн демей, «ал, жауға» дегенде , қолдарына қару алып, тылда күресті. Айта берсең, таңды – таңға ұрып, олар туралы талай жауһар сөздерімді арнауға бармын. Сонымен қатар, мұндай көріністерді тек фильмдерден көреміз. Ал, мұның барлығы, қазақ атам жасаған ерлік.
Сол заматты көзіммен көрмесем де, үлкендердің әңгімесінен аңғарамын. «Ой, біз соғыс кезінде не көрмедік, біздің көргенімізді сендерге Алла – тағала көрсетпесін» деп қабағы сәл түсіп, күрсініп қоятын. Мысалы, менің әжем өзінің талай қиындық көргенін, біреу қатқан қара нан берсе соған риза болып қуанатындығын айтып отырады. Соның баршасы да соғыстың зардабы емеc пе?! Әжем тағы бір сөзінде: - Менің нағашы ағам соғысқа кеткенде, ол мені нағашы әжемнің қасында болуын қалапты, тілекші болсын деп. Нағашы әжем майданға кеткен баласын ойлап жылағанда, мен де қосылып жылайтынмын. Ой. дүние – ай десеңші, ақыры ағам сол кеткеннен мол кетті, - деп айтып қалды. Басында түсінбейтінмін, кейін ұқтым.....
Шығармалар
Толық

Соғыс салған зардап

1941 жылғы 22 маусым –тарихта мәңгі есте қалатын қасіретті күн.Осыдан жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы майдандарында , жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып , фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет , қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз . Соғыс салған зардап әлі күнге толық жойылған жоқ . Олардың Отан үшін қан кешкен әр қадамы , жеңісті жақындата түскен әр күні ұмытылмайды . Ұлы Отан соғысы дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті . Соғыс қимылдары әлемнің қырық мемлекетінің аумағында жүрді . Ең соңғы деректер бойынша бұл апатта 60 млн адам қаза тапқан . Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептелінді. Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап , оған адамзат тарихында бұрын - соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезген .
Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының аудандарынан көптеген өнеркәсіп көшірілді. Ауыр машина жасау зауыттары , сондай-ақ тоқыма , мақта- мата аяқкиім фабрикалары Қазақстан жеріне өніпм беріп , майдан қажетін өтеуге кірісті .Қазақ халқының да Жеңіс күнін жақындату үшін қосқан үлесі зор болды......
Шығармалар
Толық

Соғыс жаңғырығы

Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Әбу Сәрсенбаев
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес.Адам өткенін жақсы білмей, болашаққа нық қадам баса алмайды. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты......
Шығармалар
Толық

Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!

Ұлы ұрыс , қанды майдан даласында,
Жанған от, атылған оқ – борасында
Жатыр бір жас жауынгер жараланып,
Өлім мен өмір көші арасында.
Есіл ер тайсалмаған қалың топтан,
Қайтпаған, қаймықпаған атқан оқтан.
Ерлік пен батырлықтың үлгісіндей,
Ұран сап Отан үшін жауға шапқан.
Бүркіт Ысқақов
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктерін көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.......
Шығармалар
Толық

Соғыс...

1941 жылдың 22 маусымы біздің Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында көктемдегі қой қырқыны және қыстың уақытына шөп дайындап жатқан кез. Науқан уақыты. Бала-шаға, жас-кәрі демей қызу жұ- мыс уақыты еді. Түскі уақытта жай отындай соғыс деген сөз иен даланы шар- лап кетті. Сол кезден бастап-ақ үлкендер майданға кете бастады. Жасөспі- рімдер өз еркімен сұранып, Отан қорғауға аттанды. Барлық ауыртпалық кемпір-шал мен әйел-балалардың еншісіне тиді. Сол ауыртпалыққа қарамай, күні-түні тылдан майданға жеңісті жақындатуға көмек көрсетілді. Иә, соны- мен 4 жыл өткенде Жеңіс күні жетті-ау әйтеуір. Осы арада ауылға қаншама қара қағаздар келіп, ана жесір атанып, бала жетім атанып, ата-аналар бозда- ғынан айырылды. Сол соғыстан елге оралған ер жігіттер мүгедек, кемтарлы- ғына қарамай қаңырап қалған ел экономикасына үлес қосып, аянбай еңбек етті. Сол боздақтардан күні-кеше тойланған жеңістің 71 жылдық тойына ешқайсысы жете алмады. Бірақ «Ер есімі – ел есінде» дегендей, ауылда сол боздақтарға мәрмәр тастан ескерткіш қойылып, әрқайсысының есімдері алтын әріппен ойып жазылды. Әр жыл сайын жеңіс күнінде сол жерге гүл шоқтары қойылып, әртүрлі шаралар, әскери ойындар, сұрапыл соғыс туралы әндер шырқалады. Қаншама батырлар қанын төкті қас-қағында, Қаншама қиындықтар өтті бастарынан. Еліміз сол жағдайға қарамастан Тартып алды фашистерден жер мен көкті........
Шығармалар
Толық

Сұрапыл соғыс жылдары

Сол сұрапыл жылдарда елім, жерім деп қасық қаны қалғанша соғысқан қанша азамат ажал құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Жап-жасыл бейбіт даладан сән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
1941 жылы 22-маусымда таңғы сағат төртте Фашистік Германияның басқыншылық шабуылы басталды. Кеңес Одағының шекарасына от қойып, қаруланған фашистер кіріп келді. Мүлдем дайын емес болған Кеңес Одағы ер азаматтардың жетіспеушілігінен алғашқы жеңілістерге ұшырап жатты. Шабуылдан алғаш болып Брест бекінісі, Ленинград, Сталинград тағы да басқа қалалар соғыс өртіне оранды. Фашистік германияға қарсы шығу үшін республиканың түпкір-түпкірінен әскери комисариаттарға еріктілер ағылды. Қызыл әскер бірте-бірте есін жиып, қорғаныс шебіне көшті. Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрыста Лениград, Сталинград қалалары маңындағы ұрыстарда, біраз шығынға ұшыраған фашистер жоспарларының оңайлықпен іске аспайтындығын аңғарды. Ақыр соңында өздерінің жеңілісімен аяқталды. Бұл соғыс қанша адамға қайғы-қасірет алып келгенін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Қазақстан халқы да бұл тұста қарап жатпады. Өздерінің үлесін қосуға жұмыла кірісті. Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі қызы --- мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова ер жігіттермен бірдей қолдарына қару алды. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі --қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев болды. Ал танымал қолбасшы, танымал батыр, әрі жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік істеріне адам сүйсінеді. .......
Шығармалар
Толық

Адамның өмірін жалмаған соғыс

1941 жылы соғысты кім бастап, оған адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді. 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін.
Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанды. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне қайтты. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберілді. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл-күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. .......
Шығармалар
Толық