Қыз жібек

Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының....
Шығармалар
Толық

Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының.....
Шығармалар
Толық

Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың

Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин



Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан.....
Шығармалар
Толық

Абай Құнанбаев (1845 - 1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Мұхтар Әуезов


Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз......
Шығармалар
Толық

Күй құдіреті

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар....
Шығармалар
Толық

Қазақтың киелі өнері - күй

Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішігіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан.....
Шығармалар
Толық

Жылқы - малдың патшасы

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді....
Шығармалар
Толық

Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр

Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...

Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ....
Шығармалар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы)

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған....
Шығармалар
Толық

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге....
Шығармалар
Толық