Қазақ әдебиеті | Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аудама нұсқасы

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеуге өзек болған қазақ әдебиетіндегі Н. В. Гоголь шығыармаларының аудармаларында әлі де көп зерттеуді қажет ететін,басы ашылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Жазушы еңбектері түгелдей ана тілімізге тәржімаланғанымен,арасында аударма теориясының негізіне сай келмейтін кемшіліктер мен түсінбеушіліктер бар. Осыларды негізге ала отырып,жазушының «Өлі жандар» туындысының екі мезгілде аударылған осы шығармасының аударылу нұсқасымен салыстырылып саралануы және романның құрылымдық жүйесінің екі тілдегі мазмұн ерекшелігін қарастыру жұмыстың өзектілігін аша түседі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Н. В. Гоголь шығармашылығы қазақ халық әдебиетіне ықпалы мен қазақ әдебиетіне әсері көп тиді. Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылуы яғни,оның аудармаларының тарихи өсіп-өрбу жолдары осы ықпал мен әсерден туған. Осылай ,бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де,ой-өрісі кеңіп,өмір тану жолы тар шеңберден шығып,үлгі-өнеге алу арқылы есейіп,ер жете береді. Аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі. Төл әдебиет аударманы кемелдендіреді. Еліміздегі аударма жұмысының қарқынды дамуының арқасында көркем аудармадағы Гоголь сынды жазушының аудармаларының тарихы мен аударма ерекшеліктерін және де әдіс-тәсілдерін зерттеп көрсету. Аударманың ерекшекліктеріне көңіл бөле отырып,Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының екі жылдардағы аударма нұсқасымен салыстыру арқылы,романның құрылымдық жүйесін,образдар жүйесінің яғни,кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігіне көңіл бөлу. Сондай-ақ аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау.
Жұмыстың әдістемелік негізі. Көркем аудармадағы Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының аударма нұсқаларын зерттей отырып салыстырмалы әдіс,сызба әдіс,талдау әдістері негізінде жұмыстың барысы айқыдалады.
Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек
Қазіргі кезде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы,елдер мен халықтар арасындағы экономикалық саяси,мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай,сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Бір тілден екінші тілге өлең,көркем проза,ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әр түрлі еңбектер, дипломатиялық іс-қағаздары,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері тағы басқа сол сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстаның әлемдік деңгейде нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік,мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда,заман талап етіп отырған тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың және де талқылаудың маңызы зор. Осының барлығы да аудармашыға қойылатын талапты аударма теоретигі А. В. Феодоровтың айтуынша екі түрде көруімізге болады.
1/ Аударманың мақсаты-түп нұсқа мәтінін тіл білмейтіндерге таныстыру.
2/ Ал аудару дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған мәтінді екінші тілдің,құралдарымен толық,дәл жеткізу деген сөз. /1.15/
Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз-дүние жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені,халықтардың өзара қарым-қатынасының күшеюі,бір-брімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірі саналмақ. Дархан мәдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып жатады. Мәдени өміріміздің қандай бірсаласын алсаңыз да,аударма араласпаған түрін табу қиын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі

Кіріспе.
Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда, көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай үш мәселенің басы ашық.
Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі, ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу – аудармашының өріс-өресін танытар өлшем.
Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп, түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма – атына лайық та көркем болғаны жөн.
Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала қойған жоқ.
Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ.
Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді, таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы - әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Дипломдық жұмыстың пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың шығармалары қоғамдық-саяси қызметі

КІРІСПЕ
Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы.
Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды.
Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр.
КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті.
Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат.
Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас.
Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі әр түрлі тілдік амалдары

Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық.
Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады.
Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993].
Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз.
«Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті сыны

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын сөз еткенде, оның коммунистік партияның тікелей басшылығына сүйеніп өмір сүргенін атап айту қажет. 30-жылдардың басында әлі республика басшылығында отырған Ф.И. Голощекиннің әдебиетте жік бар, соны әшкерлеп жою керек деген «нұсқауына» сәйкес, 1930 жылдың басында баспасөз бетінде «жікшілдіктің» сырын ашу мақсатымен айтыс ашылды. Бұл пікір талас «жікшілдікті» жоймақ түгіл,қайта ушықтыра түсті. Әдеби сынды көркем шығарманы сынау үшін емес,жазушының өзін сынауға пайдаланып,сынды сынампаздыққа айналдырып жібереді. Мерзімді баспасөз бетінде «жікшілдікті» жоюға арналған Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Мұсаұлының, І.Жансүгіровтың, С.Мұқановтың мақалалары жарияланды. Бұрыннан келе жатқан «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық» сияқты атауларға, «сәкеншілдік», «бәйдіндилшілдік», «жансүгіровшілдік», «сәбитшілдіктер» қосылып,көбейе түсті. Жалпы,осы «жікшілдікке» байланысты жарияланған мақалаларда бір-біріне орынсыз кінә тағу, тіл тигізу сипат алған. [1; 59-86б].
Әдеби сындағы жағдайдың ушыққандығы соншалық, жазушылар бір-бірінің шығармаларының ішінен «тырнақ астынан кір іздегендей» болмашы кінәраттар тауып алып, оны халыққа, партияға қарсы «ұлтшыл», «халық жауы» етіп көрсетті. Мағжанның, Ахметтің, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқа шығармаларына тиым салынды. Әдебиет көшін бастаушылардың барлығы дерлік қуғынға ұшырады. Шығармада жас бала жыласа, «ол неге жылайды?» -деп күдікпен қарады себебі: «Кеңес Одағында ешкім жыламауы керек». Көркем туындының тағдыры «пролетариат», «кеңес», «партия», «кедей», «жалшы»деген сияқты сөздердің бар-жоғына қарай шешілді. Көркемдік категориялар елеусіз қалып, саяси бағытты ашу сынның басты міндеті деп ұғынылады. Көркем шығармаларды бағалағанда ол жазушылардың топтық шығу тегімен байланысты қаралды. Пролетариат әдебиетін тек «таза» пролетар жазушылары жасай алады деп түсіндірілді [3; 38б]. Жазушы шығармашылығын бағалауда «ең алдымен, біздің тексеретін мәселеміз кімнің қандай жазушы екендігі», «өлшеу: жазушы әдет, салт-сана, әдет-ғұрып тұрғысында пролетариат болып тууы бірінші шарт» делінді. [2; 123б].
Ә. Мұсаұлы осы өлшеміне сүйене отырып, Сәкен мен Сәбитті пролетариат жазушы емес деп тапқан. Сөйтіп, құрылыстың жұмысшы тобына шыққан еңбек ерлерін, колхозшыларды ол көрмейді. «Сейфоллаұлы коммунист бола отырып, көп реттерде байшылдық салдарынан шыға алмаған...»-деп жазды Әйтіке мақаласында.
«... ол жасөспірімдерді өз руын басқа рудан жоғары көтеруді міндетім деп білген ескі батырлардың әдемі дене құрылысынан үлгі алуға шақырады. Дене шынықтыру кезінде пионерге өгіздей қара күші бар Қажымұқанды үлгі етіп тартады. Сейфоллаұлының ескі ауылды сүйетіндігі сонща, кітабына Қажымұқанның суретін салдырады [4; 254б].
Ол С.Сейфуллинмен бірге Ғ.Тоғжановтың да кемшіліктерін көрсетуге біраз көңіл бөлген.Оны Ахмет Байтұрсыновты жеткілікті сынамады, сыни еңбектерінде Плехановтың пікірлерін пайдаланады-, деп кіналаған. «Мұны негізгі Тоғжанұлының әлі партияға жат ұлтшылдық-байшылдық әдеттен босана алмағандығынан шығады» деп, саяси сойылын тағы да сермеп өтеді. Ал Ахмет Байтұрсыновты қалай сынау үлгісін де өзі көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас

КІРІСПЕ
Сөйлеу- адам баласына тән ерекше құбылыс екендігі белгілі. Ал осы сөйлеу тілін, яғни вербалды амалдарды толықтырып, өзінше нәр беріп тұратын, қарым – қатынас кезінде өте көп ақпарат беретін бейвербалды амалдар болады. Осы бейвербалды қатынас амалдарын зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы паралингвистика болып табылады. Пралингвистика гректің «para» -«қасындағы», «маңындағы» деген мағынаны білдіреді. Паралингвистика коммуникацияның бейвербалды құралдарының жиынтығы. Ол айтылған хабарға ілесе информацияның белгілі көлемін, ауқымын білдіреді /1,162/. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып, дамуы-арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.
Қарым- қатынастың бір түрі- бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдары қолға алынды. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілдік емес қарым- қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.
Бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданып, жүйеленген деп айту қиын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.
Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілдік емес қатынастарды түсінуге, меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Диплом жұмысы паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының практикалың мәні. Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін паралингвистика саласына қатысты сөздік құрастыруда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңалығы. Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер шешімін тапты:
- бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі көрсетіліп, жазушылар шығармаларындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрінің халықтың рухани мәдениетімен (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы) байланысы дәлелденді;
- жазушылыр шығармаларындағы ым –ишараттар қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырылды;
- шығармалардағы синоним мәнді, омоним мәнді ым-ишараттар қатары анықталып, білдіретін мән-мағынасы көрсетілді.
Диплом жұмысының дерекнамалары. Диплом жұмысының дерекнамалары ретінде қазақ жазушыларының шығармаларынан кинемалар жинақталды, сөздіктер, анкета материалдары пайдаланылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері

Кіріспе
Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.
Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны.
Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады.
Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз – атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет.Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады.
Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады.
Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар – сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау – олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Парцелляция құбылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр.
Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Р.Сыздықтың «Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек»- деуі де бұл мәселенің өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді.
Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын, парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып, оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу.
Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді.
- парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік сипаттамасын, ерекшелігін айқындау.
- тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау.
- қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту.
Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский, Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды.
Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер талдау материалы ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау, салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау, мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады.
Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция» күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып, тілдік термин ретінде орнықты.
Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік.
- бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген құбылыс.
- бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді.
- сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі –семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы.
- парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас сөйлем компоненттері түрінде келеді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер, ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар.
2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі.
3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Р. Бердібай - фольклор зерттеуші

Кіріспе
Рахманқұл Бердібайдың есімі бүгінде анықтаманы қажет етпейді. Ғұлама ғалымның биік тұлғасы, энциклопедиялық зердесі, азаматтық келбеті өзінің лайықты бағасын алған. Қазақ әдебиеті ғылымына ғана емес, түрік дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның ұлт мүддесін қорғаған батыл үні сонау елуінші жылдары естіле бастаған болатын. Ұлт мүддесін мәңгілік серігі еткен ғалым кеңестік кезең саясатына қайшы көзқарастары үшін аз қиындық көрген жоқ. Осы қудалаулар мен қиындықтар ғалымның журналистикадан бастау алып, әдеби өмірдің ұлы майданына, руханияттың асқақ әлеміне ұласқан шығармашылық жолын көктей өтіп жатты.
Р.Бердібай өзінің өнімді еңбек жылдарында 32 кітап, мыңнан астам мақала шығарды.
Исі түркі халқы пір тұтатын Маулананың мынадай сөздері бар: «Жел соққан сайын солқылдақ шыбықтай иіле берсең, асқар тау болсаң да, шыбық құрлы құның болмайды». Р.Бердібай иілуді білмеген асқақ рухтың иесі. «Рухы биік адам қоғам рухын көтереді» деген нақыл сөз осы Р.Бердібай секілді асқақ рухты адамдарға арналған тәрізді.
Р.Бердібай тарихи ақиқаттарды бүркемелеу немесе бұрмалай көрсету белең алған тоқырау жылдарының өзінде ұлтының шыңдалу процесін ашып көрсетіп, оның рухын асқақтататын мәселелерді көтеріп, соларды нақты жүзеге асыруға арналған істердің басында болды.
Ғалымның фольклортанушылық қызметін талдау бағытында алған жұмысымыз зерттеушінің бұл саладағы еңбегіне жаңаша көзқарастық тууы мен аңыз әдебиетімізді басқаша қырынан жол тануымызға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - /1/ деп дамып келе жатқан мемлекеттің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Сол себепті біз білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Бүгінде көптеген зерттеу еңбектерінің авторы атанған Р.Бердібай қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуде тыңға түрен салып, соны сүрлеуді қалыптастырды. Эпостанушылық қызметі өз алдына бір төбе. Жұмыста ғалымның фольклорды жаңаша стильде қарастыру реті, қазақ музыкасы мен тарихи мұраларын қалпына келтірудегі зор еңбегі тұжырымдалды.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Р.Бердібайдың фольклортанушылық қызметіне шолу;
2. Ғалымның қазақ фольклортануында алатын орнын айқындау;
3. Р.Бердібайдың қоғамдық қайраткерлігіне шолу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін мына төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
1. Р.Бердібайға қатысты материалдар мен деректер жинақталды;
2. Ғалымның зерттеу еңбектері талқыланып, сарапталды;
3. Ғалым туралы жазылған пікірлерге талдау жасалып, ой қорытындысы түйінделді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық