Джим Керри қазақстандық фильмге түседі

Қазақстандық режиссерлер Әйгерім Ереханова мен Кәмила Лұқпанова өздерінің жаңа фильмдеріне Джим Керри, Гэрри Олдмэн және Эдвар Нортонға түсуге ұсыныс білдірмекші деп жазады Экспресс-К.

Олар Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосқылары келетінін алға тартты. Кинематография мамандары оқу бітіргесін Алматыда "Жаралы жүректердің баспанасы" атты театр құрған болатын. Кәмила Франциядағы Поля Верлен атындағы университеттің түлегі болса, Әйгерім жоғары білімді АҚШ-тың Огайо штатынан алып келгенін айта кеткеніміз жөн.

Былтырғы жылы жас режиссер "Софиядан" атты туындыларын жарыққа шығарды. Кейіннен кинотеатрлардан көрсетілген фильмге голливудтықтар да "құда түскен" екен. "A, B, C, D…men" деп аталатын жаңа кино Астанада түсіріледі деп жоспарлануда. Идея авторларының комикс жанрындағы туындыны көрген адамның Қазақстанға деген қызығушылығы оянатынына сенімі мол.

Жаңалықтар
Толық

Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналу мүмкіндігін сөз етті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік" тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.

Фото: golos-ameriki.ru
Фото: golos-ameriki.ru

"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.

"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.

Жаңалықтар
Толық

Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады

Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілеттілер тізімінде алға жылжыды

Әлемдік экономикада "бәсекеге қабілеттілік" жөнінен Қазақстан бір сатыға жоғарылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, Қазақстан республикасы 51-ші орыннан 50-ші орынға көтерілді
Жаңалықтар
Толық

Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.

"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Жаңалықтар
Толық

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын 30 млн теңгеге бағаланды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде "Прайм-Плаза" ойын сауық орталығына келтірілген шығын 30 миллион теңгеге бағалануда, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына маркетинг бөлімнің басшысы Юлия Мачулан.
Жаңалықтар
Толық

Ұйымдастырушылар Қайрат Нұртасты концертке алдап шақырған

"Құрметті менің тыңдармандарым, достар! Орын алған оқиға барлығымыз үшін жағымсыз болды", деді Қайрат Нұртас Алматыдағы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің дамып жатқан елімізде осындай оқиғаның қалайша орын алғанын әлі де түсіне алмаудамыз. Ол жақта адамдар өте көп болатын, сондықтан ақыры осындай болды. Барлығын сабырлық сақтауға, мұндай қылық көрсетпеуге шақырамын. Бізді батыс бақылап отыр емес пе? Барлығын ақылға салып шешейік", – деді әнші жастарға.

"Бұл менің шығармашылық кешім, концертім емес болатын. Мені караоке-баттлдың марапаттау салтанатында ән айту үшін шақырды. Мен кеткен жоқпын. Ол жақта көлік те көп болатын. Көлікті қою үшін 20 минут жоғалттым. Зорға дегенде сахнаға шығып, ән орындай бастадым. Бірақ адамдар арасында сығылыс басталып, менің ән айтуды тоқтатуыма тура келді. Ұйымдастырушылар менің қауіпсіздігімді қамтамасыз ете алмайтындарын.......

Жаңалықтар
Толық