Психология | Кітапхана ұжымын басқарудың психологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Кітапхана — адамзат баласы жаралғалы бергі аралықта жинақталған ақыл-ойымен мәдениетінің таусылмас қазынасы. Халық сондықтан да оны қасиеттеп, қастерлейді.
Ал кітапханашыларға сол қазынаны шашып шығармай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру міндеті жүктелген. Олардың қызметінің мәні мен мазмұны ең алдымен міне осы міндетті қалай жүзеге асырып жатқандығымен айқындалмақ. Ал ол міндеттерді жоғары деңгейде атқару көптеген факторларға тікелей байланысты.
Кітапханалар бүгінгі таңда өзінің бірегей, көп салалы кітап қорымен оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерді қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз етуші, білім беру орталығы болып саналады. Ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, пайдаланушылардың оған деген мұқтажы мен сұранысы да шексіз.
Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі — ақпарат кеңістігіне жол ашу, білімді қалыптастыру, озық тәжірибелермен алмасу болып отыр. Осы қызметке жаңаша көзқараспен қарап, әлемдік ақпарат жүйесіне сәйкес, оны жаңа мазмұнмен толықтырсақ, кітапхананың көрсететін қызметтеріне деген әлемдік сұраныс деңгейіне қол жеткізуге болар еді.
Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның ұйымдастыру мен басқару іс-әрекетінің дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Оның бүгінгі күн талабына сай ұйымдастырылуы өзінің болашағын анықтайды. Кітапхананың көрсететін қызметінен, жалпы оқу үрдесі, типті қоғамның барлық саласындағы қол жеткен табыстардың алғы шарты ақпаратқа байланысты. Қай саланың болмасын шығарған өнімін оқырмандардың сұранымына, жаңа технологияға сай етіп электронды ресурстармен қанағаттандырып, насихаттау басты мақсатымыз.
Диплом жұмысының мақсаты — Кітапхана ұжымдары ерекшеліктерін зерттеу, олардың даму динамикасын және кітапхана қызметкерлері өзара қарым-қатынасы сипатын бақылау.
Зерттеу міндеттері:
— кітапхана саласын басқару мен ұйымдастыру процесінің теориялық аспектілерін ашу;
— кітапхана ұжымын ұйымдастыру, басқару және жоспарлау процесіне жалпы түсінік беру;
— кітапхана ұжымының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау;
— кітапхана ұжымының әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның психологиялық ахуалы мен мүмкін болатын ішкі қақтығыстардың туу себептерін айқындау.
Осыған орай, біз кітапхана ұжымын басқару тәсілдері мен оның жетекшілерінің мінез-құлықтарына бақылау жасап көрдік.
Әрине, бұл мәселені толық шешуді біз өз міндетімізге алғанымыз жоқ, оны соңына дейін жеткізу мүмкін де емес. Сонда да болса, диплом жұмысының деңгейінде, шамамыздың келгенінше, кітапхана ісіне байланысты кейбір мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруға, өзімізден кейінгілерге ой тастауға әрекеттендік.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын жазу үстінде бақылау, ауызша және жазбаша сұраққа жауап алу, кітапханашылармен және кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды. Сондай-ақ біз сараптама әдісін де қолдандық. Арыс ауданының ардагер кітапханашылары сарапшылар қызметін атқарады. Өз ұжымдарындағы кейбір мәселелер төңірегінде болған эңгіме мен сауалнама жүргізу кезінде олардың әділ баға бергенін атап айтқан жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.
Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде.
Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.
1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.
2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының сөз қорын дамыту жолдары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу жағдайында қоғамды жаңарту демократиялау процесі болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген статусқа ие болу ол рухани мәдени- тарихтың өткен мұрагерін жаңғырту ең маңызды мәселердің бірі.
Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушының сөздік қорларын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып табылады.
Мектеп мұғалімдерінің негізі міндеттерінің бірі – оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету және машықтандыру. Демек, ттіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізіледі.
Қазақ тілін оқыту ісі өткен ғасырда-ақ қолға алына бастады. Осы кезеңде қазақ зиялылары келесі еңбектер жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар оқушылардың сөздік қорларын мәндес сөздер арқылы таныта дамыту бойынша( Ы.Алтынсарин), тақырып боынша сөздерді топтастыру ерекшеліктерін (А.Байтұрсынов), оқушылардың сөздік қорларын байыту мәселесін мәтінді түсініп оқуымен байланыстырады. Ондағы кездескен түсініксіз сөздердің мәнін игерту, сөздік жұмыстары арқылы балалардың кітапты дұрыс түсініп оқуына ықпал жасауға болатындығын тауып көрсетеді.
Оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Сондықтан оқытылатын пәнге байланысты білім, біліктілік икемділік пен дағды қалыптасса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге сарылып, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы болады.
Оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үрдісіндегі оқушылардың ақыл- ой, іс- әрекетін ұйымдастыруға байланысты. Ол туралы К.Д. Ушинский: «Тілді ойдан бөлек дамыту мүмкін емес» деп анықтайды. Сондай- ақ ақыл- ойды және тілді дамыту танымға байланысты болады. Мәселен, А.Е. Власенков «Мектептегі тіл дамыту бойынша тапсырмалар оқушының танымдық қызметін жүзеге асыруға байланысты сұрақтардың ауқымын қамтиды,» деген пікіріне қарағанда, тіл дамыту танымды арттыру әректі арқылы жүргізіледі. Ал таным ойлау амалдары бойынша іске асады.
Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы.
Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мекиептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығығыың міндетті түрде қажет екені белгілі.
Фонетика- фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психиклық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонмен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелернің аспектілірені зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан.
Ал егерде біз қазақ жащушыларның жалпы тіл туралы мағлұматына көңіл бөлетін болсақ, мынадай пікірге тоқталамыз.
Адамынң жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін факторлардың бірі – тіл. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін, жеткізеді. А. Байтұрсынов: «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын «адамдық белгі» болғандықтан, ол арқылы ұарым- қатынасқа түсу тек адамдардың болмсын, өз мәдениетін ана тілінде қалап дамытады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі

І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СИМВОЛДАР ТУРАЛЫ КОГНИТИВТІК ҚАТЫНАСЫ
1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекөт түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойың еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Студенттің патриоттық іс-әрекетке дайын болуы оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік таныту шегіне көтерілуімен де анықталады.
Бұл іс-әрекеттердің жүзеге асуы оқытушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық кезқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, жастардың дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі технологияларын мақсатты түрде таңдап, олардың уздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, кеп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Диплом жұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».
Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.
Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.
Соңғы он жылдықта адам өмірінің ұзақтығының артуына байланысты бұл проблемаға назар көбірек аударылды.
Егде кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг – механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады. (М.Д.Александрова, Л.И.Анциферова, Л.В.Кирасимов, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және тағы басқа).
Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.
Жоғарды аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығыынң нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.
Зейнеткерлікке шығуына байланысты егде адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан егде адам қарт шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі

КІРІСПЕ.
Тақырыптың көкейтестілігі. Халыққа білім беру жүйесін қазіргі кезеңде қайта құру бүкіл қоғамның дағдарысты жағдайынан туындайтыны еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастырдың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің проблемаларын жаңаша ойластыруды талап етеді.
Университет түлектеріне әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім-тәрбие беру дүниежүздік кеңістікте зор мәні бар проблемаға айналып отыр. Осы проблемаға байланысты еліміздің даму стратегиясына сай жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіру әлеуметтік қорғауға ерекше мән берілуде.
Мемлекеттің стратегиялық қызығушылықтар тәрбие жұмысының жалпы принциіттерін жасап шығаруды, мемлекеттің тәрбие үрдісі мен жастар саясатының барлық аспектілеріне әсер беруіне арттыруды талап етеді.
Қазақстан Ресиубликасының Елбасы Н.Назарбаев толық тұжырымдағандай қазіргі кезде білім және тәрбие саясаты Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып жүргізуде қалыптасқан, сондықтан, тұлға еуразиялық мәдениет пен еуразиялық ынтымақтастықта дамиды. Тәрбиенің жалпы адамзаттық бастауы кейбір ағартушылық бағдарлама мен идеология шеңберінде іске асырылуы міндет. Ал қазіргі тәрбиенің мақсаты мен нәтижесі бойына өз халқының мәдениетін сіңірген, басқа халықтардың мәдениетін бағалайтын, өмірінің барысында түрлі іс-әрекетті өз басымен ұйымдастыруға қабілетті адам.Қазіргі кездегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақтылығы мен шиеленесуі, тұрмыстағы күйзеліс, адамгершілік құндылықтардың кемуі, білімге, адал еңбекке деген ұмтылудың азаюы, еңбек етуге мүмкіншіліктің жоқтығы, жеке адамның, қоғамның, ұлттық және мәдени дәстүрлерден өзін шектеу жас ұрпаққа теріс ықпалын тигізуде.
Тәрбие әлеуметтік ішкі жүйе, азаматтық қоғам институты ретінде азамат тәрбиесінің негізгі факторы болады. Азаматтық тәрбие ден біз қоғам мен мемлекеттің мүшесі ретінде өсіп жатқан адамның әлеуметтік-саясаттық. қүқықтық, экономикалық экологиялық моральдық-этикалық бөімдерін, тәжірибелік іс-әрекет адамдарын қалыптастыру жүйесінің процесі деп түсінеміз. Әлеуметтік және басқа қатынастар туралы білімдер стандарттары азамат тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау мәні негізінде жас азамат бойында әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде көзқарастар мен сенімдер, ой-сана мен адамгершіліктік қасиеттер қалыптасады. Тәжірибелік іс-әрекетте өсіп жатқан алам оның әлеуметтік ортадағы орнын белгілейтін айқындалған азаматтық қасиеттермен ұстамдардың этикалық негіздерінде дамып қалыптасады. Қазіргі заманның жеке адамы қоғамда жүріп жатқан үрдістердің бәріне де белсенді әсер береді.
Айта кететін жағдай азамат пен мемлекет арасындағы саясаттық-құқықтық қарастардың әлемдік үлгілері мен стандарттары азаматтық тәрбиенің келелі мәселелерін әрқашан жаңа тұрғыдан көріп қарастыруды талап етеді. Бұл салада әлемдік стандарттарға интеграциялау тек олардың ортасынан орын алып қала қоймай, адамның мемлекеттік және қоғаммен қатынастарнның басқа аспектерін де жандандыра түседі. Бұл біздің республикамыздың азаматтық тәрбие жуйесі үшін егемендік пен тәуелсіздікті нығайту жағдайында және осы салада өз тәжірибемізді жинақтауға қажет ереекше көкейтесті мәселе.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейі

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Жұмысымыздың өзектілігі :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас проблемасы мен зейін проблемасы жан-жақты қаралған. А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекеткетеңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылық потенциалына ие дейді.
Орыс психологы И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды.
Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В. Вунд сана мен зейінді байланыстырады. Осы және тағы басқа ғалымдар мәселелерді қарастырғанымен әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады.
Зейінді іс-әрекеттің әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Зейін іс-әрекетте мазмұнды және осының негізінде оның қасиеттерінің, динамикалық ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін – бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталған.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынасайналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | М. Жұмабаевтың «педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелер

Кіріспе
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлушілердің қатары молайып еді. Ұлттық мінез-құлық – әлеуметтік-психологиялық категория. Ол халықтың шаруашы лығы мен тұрмысының өзгешелігі, қоғамдық құрылыс пен табиғат жағдайының, мәдениет пен нанымшылдықтың, басқа халықтармен қарым-қатынас формаларынан көрінеді. Ол адамның дағды, талғам, тәртібінде, дүниетаным байланысын да, сыртқы ортаның құбылыстарын ұғыну, халық өмірінің жан-жақты алғышартының себебінен адам психологиясының сезім-әрекеті сипатында көрінеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырылып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәжірбиелерін үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оның ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірбиеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру маңызды міндеттердің бірі. Міне сол міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады.
Ұлттық мінез биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс, яғни, өмір жағдайымен, тарихи ортамен тығыз байланысты. Мәселен, қазақтың өткен заманындағы психологиясы мен осы кездегі мінезінде айырмашылық бар. Әсіресе, кеңес заманы салтанат құрып тұрғанда ұлттық психология көп өзгеріске ұшырады. Әрине, мұның пайдалы жақтары да, тиімсіз тұстары да кездеседі.
Ұлттық сана-cезімнің қалыптасуына рухани-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар үлкен рөл атқарады. Ондай шығармаларда халықтың сана-сезімінің дамуына ерекше әсер ететін көңіл-күй, эмоциялық сипаттар бейнеле неді. Мәдениеттің белгілі қайраткерлері өз халқының тарихы на үңіле отырып, ондай шығармаларды өздері дүниеге әкеледі.
Осы айтылғандарға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе, оның тәлім-тәрбие, ұлттық психологиялық асыл қазыналарын ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс. Туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты карқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соктығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяси тұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға деген сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды.
Психология тарихында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы түрлі теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. [1,2,3,4]
Ол былай деді: "мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады".
Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірiнші тәсілі ғана. Екіншісі, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады.
Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік кайта қүрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазады, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөледі. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді. [1,2,3,4,5,6,7,8,].
Мазасыздану проблемасына өте жиі гуманистік бағыттағы психологтар К.Роджерс, В.Франкл, А. Маслоулар мән берді. Олар өзгелерге қарағанда, өзін-өзі дамытуға ұмтылған дені сау жеке тұлғаға катысты түсіндірді. [9,10,11]
Л.С.Выготский өз зерттеулерінде үнемі мына құнды жайтты ескертті: яғни, адам психикасы тұтас процесс ретінде зерттелуі тиіс. Адамның жеке тұлғасының интелектуалды және аффективті жақтары арасында тығыз өзара байланыс болуы тиіс. Кеңестік дәуірде психологтар көбінде интеллектуалды аумақты зерттеуге аса мән берді. Ал, эмоционалды күйлерді зерттеу идеологиялық себептерге орай рұқсат етілмеген еді. Мазасыздануды орыс нейрофизиологтары И. М, Сегенов, И. Павлов, В. М. Бехтеревтер де өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Жалпы психологияда эмоционалды күйлердің проблемасы Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Ф.Е.Василюк, Рубинштейн еңбектерінде де қарастырылды. Олар эмоционалды күйлердің базалық, теориялық негіздерін қарастырды.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер (С.D.Spielberder) және оның ізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. [12,13]....
Дипломдық жұмыстар
Толық