Политология | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі

Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Саяси әлеуметтендіру процесін қалыптастыру

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алуына байланысты республика өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Елімізде кең ауқымды терең экономикалық жөне саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз демократияланып, жаңа түрпатты қатынастар орнауда.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Демократиялану процесінің әр елдің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлі кезеңдерде жүзеге асырылатыны белгілі. Осыған орай қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеніңде даму үстінде. Осы тұрғыдан алғанда, қоғам өмірінде демократиялық, азаматтық жіне саяси институттардың өз-өзінен орныға алмайтыны белгілі. Олар қазіргі замаңдағы өзекті мәселелерді шеше алатын, саяси, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа бағыт-бағдарлары жетілген жеке тұлғаларға мұқтаж.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | 2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі


Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстан қоғамындағы қазіргі кезеңдегі ғаламдану саясатының басты бағыты республикамыздың саяси жүйесі мен қүрылымын, қоғамдық қатынастардағы орны мен ролін, Конституциялық статусы мен функцияларын, оның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Осы өзгерістердің табиғаты мен ауқымының бір ерекшелігі - олардың бүкіл мемлекеттік құбылыстағы ішкі-сыртқы саясатпен үйлестігінде, қоғам әлеуметтік қатынастардың дамуында. Қазақстан Республикасындағы серпінді өзгерістер мен пікір алуандығы жариялылық тенденцияларын үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл қүбылыстардан қоғамымызда толық демократияның қалыптасқандығын байқаймыз. Саяси үрдістерді дамытып отыратын саяси институттар — саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, ерікті баспасөз, яғни саяси жүйені құратын әлеуметтік топтар. Қазақстан Республикасының егемендік алуы тек үлттық сананың жаңаруы ғана емес, республикамыздағы саяси жаңғырудың демократиялық жолмен дамуына зор мүмкіндіктер ашты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.
Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты - тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аудурылуда.
Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1]. Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.
Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында.
Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары

Тақырыптың өзектiлiгi.
Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған.
Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық