Алдыңа іздеп кеп тұрмын, Саумысың басшым ініміз! Жаңарды ғой бұл кезде Заманымыз, күніміз. Келіп ең өзің аулыма, Ұстап едің қолымды, Көрініп еді халқыма Жылы шырай жүзіңіз. Құйылып еді. құлаққа Ақылды дана сөзіңіз. Тойлы думан күнімде Колхозыма келіп ең .....
Казармада бір адамға сот болып жатыр еді, мәселе я өмір, я өлімге тірелген. Бұл адам Юконға Лe Барж көлінің төмен жағынан құятын Ақ Балық өзенінің ну орманды жағасын мекендейтін Имбер дейтін үндіс шал болатын. Оның ісі бүкіл Доусонды, жоқ тек Доусонды ғана емес, жалпы Юкон аймағының мың мильдік о жақ бұ жағын түгелдей дүр сілкіндірген. Англосакстер өздері жаулап алған жерлерде ертеден-ақ ерекше заң орнатқан ғой, және ол заң өте аяусыз, қатал-ды. Бірақ дәл осы сотта, Имбердің ісіне келгенде, бұл заң алғаш рет тым жеңіл, тым рақымшыл көрінген. Ең бастысы, мұнда, — қарапайым ғана арифметикалық көзқарас тұрғысынан келгенде, жасалған қылмыс пен оған қолданылатын жаза арасында ешқандай үйлесім жоқ екен. Мына қылмыскерге тек қана өлім жазасы кесілетініне, әрине, ешкім күмән келтіре алмайды — басқадай жаза тіпті миға да кіруге тиіс емес — алайда бұл бір-ақ адамның құны ғой, ал Имбердің мойнында қаншама жанның, қаншама боздақтың қаны бар десеңші!
Иә, бұл адамның қолы білегіне дейін қанға батқан еді. Ол бүкіл өмірінде нешебір бейбақтың жанын жаһаннамға жібергенін өзгені қойып, өзі де білмейтін шығар. Ал осы аймақтың тұрғындары жол жүріп келе жатып, асудың үстінде темекілерін құшырлана тарта отырып, немесе кешкілік ошақ басында қоңыр әңгімені қоздатып қойып, бұл шалдың қай жерде кімді өлтіргенін, қалай өлтіргенін, одан соң да қаншасын келмеске аттандырғанын жыр қылып айтып, саусақтарын санай берер еді. Ол құрбандардың барлығы — еңбектеген баладан, еңкілдеген шалға дейін түп-түгел ақ адамдар-тұғын, олар кейде жалғыздан, кейде жұбымен, енді бірде топ-тобымен өлтірілген. Және ешбір себепсіз, салдарсыз, қолға ілікті — бітті, ажал құшқан бәрі де. Бұның сыры, басқаны былай қойып, мұндағы корольдік атты полицияға да күні кешеге дейін белгісіз боп келген. Тіпті Юконнан алтын табылып, доминион үкіметі бұл жерге өз губернаторын жіберген кезде де "кездейсоқ жоғалғандардың" жұмбағы жұмбақ күйінде қалып еді. .....
Байсақал керуенбасы (би) XVIII ғасырмен XIX ғасырдың басыда есімі біраз жерге жайылған. Шамамен 1770-1780 жылы туылап 1850-1851 жылдаы қайтыс болған Байсақал Тілекеұлының арғы бабасы Өтетілеу би Қасқаұлы 1738 жылдың 3 тамызыда патша өқілі Татищев мырзаға ант берген билердің бірі. Тілеке Өтетілеуұлы әрі би, әрі батыр болған кісі .....
Қарасақал, Қарахан, Шона (шамамен 1705 — 1749) - батыр. Шыққан тегі белгісіз. Кейбір деректер бойынша - башқұрт. 1735 жылдан бастап Ресей үкіметіне қарсы күресті. Ал- дымен И.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясына қарсы шықса, 1740 жылы башқұрттар көтерілісін басқарды. Көтеріліс талқандалғаннан кейін, қазақ даласына келіп, Орта Жүзді паналады. Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қаракерей Қабанбай батырдың қол астындағы .....
Бүгінге дін мәселесі өршіп, қоғамда түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқан тұста әнші Бекболат Тілеуханға қатысты да біршама сындар айтылғаны белгілі. Осыған орай "Қазақ" газетінде жарияланған сұхбатта ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл сұхбаттың үзіндісін NUR.KZ порталы ұсынады.
Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер. 1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар. Кинодағы рөлдері: 2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім 2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов 2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі 2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім 2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Қарасақал Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.
Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.
Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.
Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. ....