Экономика | Қазақстан Республикасының Орталық банкі және оның тұрақты ақша несие саясатын жүргізудегі рөлі

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған.
Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы

Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды.
Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді.
Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді.
Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты

Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.
Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс

ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан жастары жоғарыдағы бөлімде аталып өткен жағдайларға байланысты, дамудың күрделі кезеңін елімен бірге бастан кешіріп отыр.
Бұл жағдайда жастарға олардың өмірлік бағытын жүзеге асыруда, әлеуметтік проблемаларын шешуде біріншіден, жастардың өздері белсенді әрекет етіп, ізденіп, өздері немесе жастар ұйымдары арқылы көмектесе алса, екіншіден өздерін көрсетуге жағдай туғызатын мемлекет, үшіншіден, өз институттары (қоғамдық өзін-өзі басқару, қайырымдылық және арнаулы қорлар, т.б.) арқылы азаматтық қоғам көмектесе алады
Осы үш «ағымның» өзара байланысып, тоғысуы жастар саясатын құрайды, ол – жастар сияқты халықтан шыққан ерекше топ ретінде мемлекеттік және қоғамның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған " Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы " атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дөстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы ақша несие саясатының негізгі мақсаты

Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда
жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.
Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін
пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға
инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік
құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда:
ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе,
ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция
деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады.Ақша-несие саясатының
дәстүрлі құралдарын пайдалану,банктік қадағалауды күшейту,қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстанның салық саясаты

Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады.
Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- 3 -
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
• Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.....
Рефераттар
Толық