Саяси режимдердің типологиясы

Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы - саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билік ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде бір-біріне ұқсас режимдердің 160-тай түрі туралы айтуға болады. Антикалық фәлсәфашы Аристотель саяси режимді топтарға жіктеуге болатындай екі критерий берді:
1) билік кімнің қолында;
2) бұл билік қалай қолданылады.
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктеген көбінесе мемлекет аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба, билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты принциптік мәселелерді негіз етіп ұстайды. Саяси режимнің мәнін анықтауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: 1) Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, қанат жаюына жағдай туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматық қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем. 2) Мемлекеттің айбыны асқақтап, бүкіл қоғамды "жұмса - жұдырығында, ашса алақанда" ұстап тұрады. Азаматтық қоғам мемлекеттің өңешіне кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болып айтқанына көніп, айдауына жүреді. 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-тендік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты саяси режимдерді қарапайым түрде классификациялауға – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерге бөлуге болады. Сонымен саяси режимдердің типологиясы:
а) демократиялық саяси режим;
б) тоталитарлық саяси режим;
в) авторитарлық саяси режим;....
Рефераттар
Толық

Саяси тұлға психологиясы

Тұлғаның саясаттағы мәселесін қарастыратын ғылымда белгілі екі метобағыт бар: «субьективті және обьективті » бағыттар . Кішкентай адамдар, үлкен адамға яғни қоғамға бағынышты болып келеді деген пікірді айтқан Т.Гоббс болатын және Спенсордың теориясында осы мәселе қарастырылған. Олар «адамды мемлекетке бағынышты » деген позицияны әртрлі формада ұсынды.Қазіргі таңдағы осы позицияны ұстанушылар (Д.Белл,С.Липсет, У.Мур) бұл «тұрақты демократияны құру» үшін қажетті деп қарастырды.
Осы көзқарасқа қарама - қарсы көзқарас А.Смит және Годвиннің пікірінен бастау алады. Олар «қызығушылық» түсінігін енгізді. Олар тұлғаның жеке қызығушылығын саясатты қозғалысқа немесе дамуға әкелуші механизм деп қарастырды.
Әр түрлі позициялар мен бағыттарды жүйелей келе Р.Гринстайн жеке тұлғаның саясаттағы рөлін анықтайтын негізгі үш факторды бөлді. Біріншіден ол, тарихта орын алмаған, жаңа саяси жағдайдың пайда болуы. Екіншіден, бұл қандай нәтижеге алып келетіні белгісіз қиын және қайшылықты ситуациялар. Ең соңғы үшінші фактор бұл, әр түрлі саяси шешімдерді ұсынған, бірнеше топтың бірін таңдау жағдайы ретінде жіктеледі.
Келесі қарастыратын мәселе бұл, саясатта адамдар қайдан пайда болады? Қалай «қарапайым адамдар» саяси мағынада тұлға болып қалыптасады, яғни азамат тұлғасы ретінде?

Саяси әлеуметтену: тұлға болып қалыптасу.

Адам туылғаннан саясаткер немесе тұлға, азамат болып туылмайды. Оны мұндай атақтарға қоғам немесе мемлекет сәйкесінше, осы қасиеттерді адам бойында тәрбиелеп содан кейін адам осы атақтарға ие болады. Азамат деп- заңға бағынушы, өз мемлекетін құрметтейтін, оның саяси жүйесін, биліктегі саяси мәдениетті мойындайтын адамды жатқызған.
Ал тұлға бұл- топтың немесе әлеуметтік ортаның адамға қойылатын күтім-талаптарға сай болумен қатар, әлеуметтік ролдерді дұрыс пайдалана білу, қоғамда қабылданған нормаларды адекватты қабылдау талаптары қойылады.
Әлуметтену ұғымы кең мағынада бұл индивидтің алдыңғы ата-бабаларының мәдениетінде бекітілген тәжірибесімен жабдықтап, әлеуметтік рольдерді қабылдау арқылы оның тұлғаға айналуын атаймыз. Егер адам әлеуметтік рольдерді атқара алмаса, ондн әлеуметтену процесі аяқталмаған болып есептелінеді.
А.Н. Леонтьев негізгі үш ұғымды бөліп көрсеткен: индивид, индивидуалдылық және тұлға ....
Рефераттар
Толық

Саяси элитаның түсiнiгi

"Элита" терминi фраңцуздың еiiiе деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi.
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады.
""Элита" терминiн ғылыми айнальшға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатын-да" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясь;н жасады. Ол бо-йынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуыңың арқасында келедi. Ол идея жұзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қара-пайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие бола¬ды. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос қщiл- "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. ....
Рефераттар
Толық

ҰБ ресми есептеу мөлшерлемесі Дисконттық саясат

Қазақстан Республиканың Ұлттық Банкі-Қазақстан Республиканың орталық банкі болып табылады,әрі ҚР-ң банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақстан Республиканың президентінің «Ұлттық Банк туралы» заң күші бар. Ұлттық банк өз қызметін ҚР үкіметімен ұйлестіреді және онымен ұдайы консультация өткізіп отырады.
ҚР ҰБ өз қызметінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын басшылыққа алады, Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің қызметін орындауы мен ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Орталық банк елдің эмиссиялық,резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жұйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын,тауар – ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымыне оныың құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
ҚРҰБ ҚР-ң заңдары негізінде және оларды орындау үшін өз құзырына жататын мәселелер бойынша барлық банктер, сақтандыру ұйымдары, ҰБ берген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттері бағалы қағаздар рыногының субъектілері, сондай-ақ басқа да заңды және жеке тұлғалар ҚР-ң аумағында міндетті түрде орындайтын нормативтік актілер шығарады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкешоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар занды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйккес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеті-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық әрекеттерімен өзіне қосып алған царизм осы аймақтағы ағылшындық ықпалды ығыстырып,ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.
Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды.
Крепостниктік құқықты жою Ресейдегі аграрлық мәселені шеше қойған жоқ. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды революциялық қозғалыстардан бұрып әкететін бірқатар шаралар қолданды,атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы царизм ішкі губерниядан шаруаларды сол жаққа қоныс аудартуды және солар арқылы ұлттық шет аймақтарда өздеріне әлеуметтік тірек табуды ойластырды. Орыс және украин шаруаларын өлкенің барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру ХІХғ. 70-жылдарының бас кезінде басталды, ал 80-жылдары бұл іс жаппай көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды ....
Рефераттар
Толық

Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдар

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекет функциясының ұғымы

Функция деген ұғым латын тілінде (gunctio) — орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.
Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде асыру үшін мемлекетте арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мем¬лекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекет тетіктерінің ұғымы

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған бай¬ланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің тетіктері (аппараты) дегеніміз билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніз мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекеттік органдардың өзіне тән ерекшеліктері болады.
1. Мемлекеттік орган өмір қажеттілігіне байланысты, құқықтық негізде арнайы функцияларды атқару үшін құрылады.
2. Мемлекеттің басқа органдармен тығыз байланыста қызметін іс жүзіне асырады.
3. Билік жүргізу барысында күш қолдануға құзыры бар.
4. Мемлекеттік орган - мемлекеттің функцияларын, саясатын іске асыратын мекеме.
5. Мемлекеттік орган арнайы дайындықтан өткен, қолдарында билік жүргізу құқы бар арнайы адамдардың тобы.
6. Құрылған органдар заңдылық негізінде қызмет атқарады.
7. Мемлекеттік орган материалдық база және қаржымен қамтамасыз етіледі.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Саясаттанудың зерттейтін мәселесі

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп,жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүкіншілігін толық іске асырып, табыс табуға толық жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды.....
Рефераттар
Толық