Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мелекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнан құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет. ....
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ. Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ?....
Диплом жұмысының өзектілігі. Егеменді Республикамызды дамытуда бүгінгі таңда нарықтық экономика мен қоғамдағы қайта құрулар мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Әлемдік өркениеттің тарихи даму сатысында экономиканы нарықтық басқару үлгісі мен демократия негізгі жетістікке айналды. Бүгінде қазақ қоғамы стратегиялық таңдау жасап, демократиялық реформалар мен нарықтық қайта құрулар арқылы даму жолына түсті. Алайда әлеуметтік бағдарланған экономиканы қайта құруда қоғамдық дағдарыстар мен қайшылықтардың алдын алу мәселесінің туындайтыны заңдылық. Өтпелі кезеңнің қиындықтары мен нарықтық қатынастарға өту үрдісінің заңдылықтарын игеруде өткен тарихымызға жүгінетініміз сөзсіз. Осындай мәселелердің дүниетанымдық, идеологиялық бастауларын қарастыруда Қазақстан тарихындағы «әскери коммунизм» деп аталатын кезеңнің маңызы зор. «Әскери коммунизм» саясаты қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал етті. Себебі сталинизм мен «әміршіл-әкімшіл жүйенің» идеялық бастаулары «әскери коммунизмнен» басталды. Қазақстандағы «соғыс коммунизмі» саясатының тарихы толықтай қайта қарауды қажет етеді. Ол үшін осы саясаттың қалыптасуының идеологиялық, әлеуметтік-мәдени және құқықтық негіздерін талдау, «соғыс коммунизм» терминінің мәнін айқындау қажет. ....
Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған. Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр. Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады ....
КІРІСПЕ Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр. Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді. Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет. Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси құбылысқа айна-лып отыр. Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту – мемлекеттік стратегия. Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет. Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.....