Сатиралық ертегі: Мытбайдың қылығы

Аты Мытбай деген бір ұмытшақ кісі болыпты. Өзі барғанша момын болса керек, қатта бір уақыттарда өзінің де атын ұмытып қалады екен. Және оның үстіне Құдай қосқан қосағы қулау болып, байы момын болған себепті әйелінің көңілі момынға толмағандықтан, оңды-солды жүріп, көңілі сүйген жігіттерімен ойнап-күледі екен. Күндерде бір күн әйелдің жақсы көрер адамы ойнауға кезегі кеп, байын бір жаққа жіберуге амал жасап, байын төркініне жұмсайды. Жіберген жұмысы:
– Көженің тұзын қанша салуды білмедім, бір рет көп болып кетті. Бір рет тұзы татымады, шешемде тұздың өлшеуі бар, барып, сен алып кел, – деп жіберіпті.
Бишара Мытбай еш нәрседен хабары жоқ аңқаулықпен салып отырып, қайнына келеді, қайтарында қайындары:
– Күйеужан, не жұмысқа келген едің? – деп, қызметін сұрағанда, Мытбай келген жұмысын айтады.
– Осындай қызыңыз «Тұздың өлшеуішін алып кел» деп жіберген еді, – деп. Қайындары бұған мазақтап күліп, біраз келемеж қылып, жолға шығарып, қайын енесі айтады:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алда әкпар

Бұрынғы заманда бір Алда әкпар деген жаңылысқыш адам болған екен. Оның бір қатынынан басқа еш нәрсесі жоқ екен. Бір күні қатыны Алда әкпарға:
– Базардан ет алып кел, – депті. Алда әкпар қанша алып келейін десе, қатыны:
– Дансер-Пансер ет алып кел, – депті.
Алда әкпар қалтасын қолына ұстап алып, дансер-пансер есімнен шықпасын деп, «Дансер-пансер, дансер, пансер», – деп, кетіп бара жатып, қырманын көтерейін деп жатқан бір байдың адамдарының үстінен шығыпты. Байдың адамдарының қасына барып та, «Дансер- пансерін» қоймапты. Сонда байдың адамдары ұстап алып, өлгенше ұрыпты.
– Енді не дейін? – десе, «Шашқа береке», – депті. «Шашқа береке, шашқа береке», – деп, кетіп бара жатса, бір таз басының шашын іскекпен жұлып, азаптанып отыр екен. Жанынан өтіп бара жатып, «Шашқа береке» деп, кетіп бара жатса, таз ұстап алып, өлгенше ұрыпты.
– Енді не дейін? – деп сұраса, таз:
– Бірің қалмай қырыл, – депті......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Рахымның бай болмағаны

Бұрынғы заманда үш сарт болыпты. Бұлар әпиін тартып, боза ішкеннен басқа түк білмейді екен. Бір уақытта бұлардың әпиіні де, бозасы да, һәм жарты тиын ақшасы да қалмапты. Бұлар қалайша ақша табамыз, – деп ойланды. Қанша амал ойласа да, ешбір ойының қисыны келмеді.
– Уай, ақша, уай, әпиін, боза! – деп, сарттар анда-санда күрсініп қойып, тағы да үндемей отырар еді. Бұлар бүйтіп отырғанда жандарынан бір қатын басына үлкен шелек қатықты қойып, өтіп барады екен. Сол арада тұрып қатын айтты:
– Біреуің мына қатықты үйге жеткізіп берсеңдер, жиырма бес тиын ақша берейін, – дейді. Бұлардың арасынан бір Рахым деген сарт:
– Мен жеткізіп берейін, – дейді.
Шелектегі қатықты алып, Рахым басына қойып, қатынның артынан бірге жүріп отырды. Бұлар қымбат бағалы әртүрлі пұлдары жайнап тұрған лапкенің алдынан өтті.
Рахым лапке менен пұлды көріп, өзіне-өзі айтты:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі еріншек

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен.
Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні:
– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді:
– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, азаптанбаймын, сен білмейсің бе. Сенің бұйрығыңды орнына бажай келтіруге үлпілдеп тұрған жас емеспін ғой, – дейді. Шал айтты:
– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды:
– Егерде қай бұрын сөйлегеніміз сиырға шөп салайық, – дейді. Кемпір шалды амалменен сөйлетуге ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып:.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі дос соқырдың жайынан

Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:

– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.

– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.

– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.

– Мә, Құдай, уф, – деп, бір ұрды......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Зып

Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда қоқандық саудагер саудагершілік істеп, Ташкентке келеді. Әрине, ол уақыттарда саудагерлердің саудагершілік істеп, бірнеше күндер, бірнеше айлар жол жүретіні әркімге болса да, белгілі шығар. «Ердің сырын ер білер, кімнің сырын кім білер» демекші, Ташкенттен өзі сияқты ірі саудагермен танысып, сырлас болады. Бірнеше күндер бірге жол жүріп, бірінің сырына бірі әбден таныс болады. Ақырында, бірімен бірі сүйектес құда-жекжат болмақшы болады. Тәшкендік саудагердің қызы, қоқандық саудагердің баласы бар. Тәшкендік саудагер қоқандық саудагерге қызын әйелдікке бермекші болады. Осындай мейірмандықпен еліне қайтады.
Айлардан айлар, жылдардан жылдар өтеді. Тәшкенттік саудагердің қызы бой жетеді. Ол уақытта қызы баладан ерте ержететін құсайды. Сондықтан тәшкенттік саудагер қоқандық саудагерге хабар жіберді: «Келіні ержетті, келіп әкетсін, болмаса, біреумен кетіп қалады», − дейді. Хабаршы келіп, хабарын айтқанда, «егесі ұзамай барады, жіберемін», − дейді. Хабаршы өз сөзімен қайтып кетеді.
Қоқандық елін жияды, ойласады, кеңеседі. Күйеуді қалыңдығын алып келуіне аттандырмақшы болады. Күйеу жастау және [жалғыз] жіберуге қорқып, қасына мықты жігіт қосып, екеуін аттандырады......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Барыс, тарыс

Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады:
– Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып, күйеу келді деп хабар бер, – дейді.
– Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді.
– Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді.
– Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп, кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол ауылға:......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Батпан шал

Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр.
«Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады.
Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады.
Батпан батыр келген соң айтады:
– Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті.
Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Білгіш

Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен.
Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға:
– Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады.
Сонда хан:......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Еріксіз балгер

Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада адам болса, шықсын», – дейді. Сөйтіп, бұларды қатық сүрткен бойынша жуындырмастан моншадан айдап шығады. Үйге келген соң ыза болғаннан қатын шалға айтады:
– Дүниеде патшаның балгері зор екен, сен бал үйреніп, патшаға балгер бол. Болмаса, сенен шығып, патшаның балгеріне тиемін, – дейді. Бұ қарт бал ашуды бұрын еш білмейді екен. Қатынының бұл сөзіне қайран болып, амалсыз бір ағашты жонып, бір жағын – қызыл, бір жағын – қара, бір жағын ақ қылып, бір қоржынға ескі жазуы бар қағаздарды салып, базарға келіп, «Мен – балгермін», – деп, һәркімнің жоғалған нәрсесін әлгі төрт қырлы ағашты тастап, соған қарап, көңіліне келген сөздерді айта салса, әлгінің нәрсесі табылатұн болады. Бірнеше күн осы әдетпенен базар басындағы адамдарға «Пәлендей қарт адам балгер екен» деген сөз жұртқа жайылады. Сол уақытта патшаның бір жерге жіберген адамдары ол жерден көп пұл алып келе жатып, бір қашырға артқан алтынды қашырыменен жоғалтып келді. Қай жерде қалғанын білмейді. Бұл іске патша барша балгерді жиып, бал аштырады. Бұлардың ешқайсысы таба алмайды. Сол уақытта бір адам келіп, патшаға айтыпты.
– Жақында бір шал балгер шығыпты, айтқаны ешбір қате кетпейді дейді, – деп. Патша жасауыл жіберіп, әлгі шалды алдырып, шалға айтыпты:
– Менің бір қашырым жүгімен жоғалды, соған бал ашып, тапқын. Таппасаң, басыңды аламын.......
Ертегілер
Толық