Экономика | Импортқа салынатын қосымша құн салығының ерекшеліктері

Қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторингтілеуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда Халыққа орнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілік жасау қарсаңында» жолдауында «2007 жылдан бастап қосылған құн салығы ставкасын 1 пайызған ао 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 пайызға азайту керектігін» атап өтті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң 28 ақпан 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан” халқымызға арналған жолдауында елiмiздiң 10 жылдық экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкіндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Казақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.
Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң құрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
«Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі - жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [1].
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын [2]. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.
Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді [3]. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын.......

Кеңестер
Толық

Ерлан Сағадиев халыққа несімен жақпай жүр?

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы лауазымға келгелі бұл салаға түрлі реформалар енгізуден жалығар емес. Оның бастамалары қағаздан іске көшпей жатып қызу талқыға салынатын болған. Ал кейбірінің арты үлкен дауға айналып жатыр. nur.kz порталы министр Сағадиевтің халыққа жақпай жүрген бастамаларын тізіп шықты.
Жаңалықтар
Толық

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)

Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты, деп хабарлайды Kapital.kz.

Жаңалықтар
Толық