Салт-дәстүр, әдет-ғұрып

Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Ас көп болса, кәде көп.

Жігіттің бір жұрты нағашысы.

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.
Мақал-мәтелдер
Толық

Менің елімнің салт-дәстүрі

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда ......
Шығармалар
Толық

Ақылың мен қайратын екі жақтап

Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс.....
Шығармалар
Толық

Салт-дәстүрімізді қорғайық!

Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:

Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде.

- дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек.....
Шығармалар
Толық