Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір....
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз....
Салауатты өмір салты дегеніміз — дұрыс тамақтанып, күн сайын спортпен айналысып, таза ауада серуендеу. Мұның барлығы да салауатты өмір салтын қамтамасыз етеді. Спортпен айналысатын адамдар құрдастарына қарағанда ұзақ өмір сүреді. Дұрыс тамақтану теріні жақсартып, ағза қызметін ретке келтіреді. Таза ауаның ағза үшін пайдасы мол.
Кез келген адам аман-сау жүргісі келеді. Денсаулық дегеніміз — тек биологияға....
Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеттердің жиынтығы деп білемін. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ол салауатты өмір салтын ұстану дене қозғалыстарының белсенділігі, дұрыс толыққанды тамақтану, зиянды жат әдеттерден бойын аулақ ұстау арқылы адамның қалауымен, аталған шарттарды толық әрі уақтылы орындауымен қалыптасады. Аталмыш....
Салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс – әрекет. Бұл сөз тіркестері соңғы кездері барлығымыз жиі еститін жалаң ұранға айналып барады ма деймін. Уақыт өткен сайын маңызы артып бара жатқан бұл салтқа бей-жай қарайтындар қатары, өкінішке орай, артып барады. Менің сабағым сағат 9:00 де басталады. Оған дейін таңертең ертерек тұрып, таза ауада жүгіріп, сергіп қайтқанды жақсы көремін. Таңғы жүгіріс адамға өзін сергек сезінуге және көңіл күйінің көтеріңкі...
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған. Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады. Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының мықтылығында. Дені сау адам көңілді жүреді. Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады. Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады. Қазіргі кезде мемлекетіміздің конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республикасының «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген. Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқаруды қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады. Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады. Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашарлап кеткен. Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте қиын жағдай. Қазақстан Республикасында емдеу профилактикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі жүйесінде, әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн. Орташа өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру, ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады. ....
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. «Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз. Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз? Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн. «Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы. «Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді. Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»: -ең жақсы үйлесімді тәртіп; -иммунитетті және денені шынықтыру; -дұрыс тамақтану; -орнықты өмір сүру әдеті ; -зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»); -жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді. Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
КІРІСПЕ Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым. Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы. Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті. Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз. Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады. Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз. Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....