15-сабақ Сөйлеу мәдениетін үйренемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: 15-сабақ. Сөйлеу мәдениетін үйренемін
Оқу мақсаты: 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.7.1* қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жоспарлай алады;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтай алады;
- диалогке белсенді қатысады;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөйлем құрамында қаратпа сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
- диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық