Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 сабақ)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Құмырсқа-еңбекқор жәндік №8 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
• Тірек сөздер мен суреттерді қолданып, постер құру
Оқушылардың барлығы: мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы постер құрастырады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиғалардың ретін анықтайды, тірек сөздер арқылы постер құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға береді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық