file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: Әңгімелеу мәтіні және оның құрылымдық бөліктері
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
-үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
-тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
-әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық