Жақсы мен жаманды айыра білемін (3 сынып, I тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаманды айыра білемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.3.1.1 Жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау, әңгімелеу, пайымдау мәтіндерін құрап жазу;
3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- жоспар бойынша берілген сөздер, сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
- үлгі негізінде есте сақтап сөздерді сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі:
- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
- сөз ішінде э әрпі бар сөздерді сөйлемде сауатты жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық