Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
ТАҚЫРЫБЫ: Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын (1)
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.2.1.1 көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
• тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді, үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
• пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық