№ 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 11-сабақ. Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаты: 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-тірек сызба мен көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін өз бетінше анықтайды;
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық