file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Өзінді өзің жеңу буддизм философиясы

Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолына ілесіп келеді.
Философия б.з.д. VI—V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық көзқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қалады, квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді.
Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігі, оның өз осінен айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Азиялық мәдениеттің көптеген ертедегі ескерткіштерінде әлемдегі адамның орны туралы, оның тағдыры, өлім мен мәңгі өмір сияқты дүниетанымдық мәселелер көтеріледі. Мысалы, «Гильгамеш туралы эпоста» батыр мәңгілікті іздеп, өмірдің мәні туралы сұрақ қояды. Утнапишти оған былай деп жауап береді:
«Сұм өлімнен құтыла алмассың қашсаң да!
Соғылған үй мәңгілік пе?
Қойылған таңба мәңгілік пе?
Әлде қаны бір туыс мұрасын мәңгілікке бөле ме ?....
Рефераттар
Толық