Биология | Құрсақ ішіндегі ұрық

Аталық жасуша мен аналық жасушаның бірігуінен пайда болатын зиготадан туылғанға дейінгі ұрық дамуының қалыптыдан ауытқуларының барлық түрлері пре немесе антенатальдық дерттерге жатады. Бұлардың көріністері болып организм функцияларының бұзылыстарына әкелетін туа біткен ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары есептеледі. Олар нәрестелердің туылу кезіндегі шетінеуінің көптнген мөлшерін құрайды.
Дерт туындатқыш әсерлерге аталық және аналық жыныстық жасушалар, олардың бірігуінен пайда болған бластоцистер, жатырдың қабырғасына жабысатын эмбриондар және ұрық ұшырайды. Осыған байланысты құрсақ ішіндегі дерттер гаметопапиялар, бластопатиялар, эмбриопатиялар және фетопатиялар деп ажыратылады.
Гаметопатиялар- ұрықтануға дейінгі жыныстық жасушалардағы дерттік өзгерістер. Олар аяқ астынан түсік тастауға, тұқым қуалайтын аурулар дамуына әкеледі.
Бластопатиялар- ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта кезіндегі зиготалардың бүлінуі. Бұл кезде дерт туындатқыш әсерлерден хромосомалардың ажырауы бұзылуы немесе зиготаның жатыр қабырғасына енуі кешеуілдеуі мүмкін.
Бірінші жағдайда бластопатия қрықтың жалпы дамуы мен оның тұла бойының қалыптасуының бұзылыстарыменкөрінеді. Осыдан қосымша тұтас организм немесе оның жекелнген мүшелерінің артық дамуы, өзара біріккен егіз балалардың туылуы байқалады. Екінші жағдайда негізінен нәресте өлі туады.
Эмбриопатиялар- ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуінен бастап бала жолдасының қалыптасуына дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму ерекшклігінің бала жолдасымен көпшілік ағзалардың қалыптасуы ерекшеленеді.Бала жолдасы мен ана плацента ұрық жүйесі қалыптасуының бұзылуы ұрықтың өліміне немесе эмбрионның жалпы дамуы кідіруіне және оның тіршілік қабілеттілігі төмендеуіне әкеледі. Ағзалардың қалыптасуы бқзылуы жекелеген ағзаларда ақаулардың дамуымен көрінеді. ....
Рефераттар
Толық