Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу құзыры Ұлттық қауіпсіздік қызметі, ішкі істер және қаржы полициясы органдарына жүктелген, тергеушілер іс жүргізу қатынастарында тең дербестікке ие, олардың өкілеттіктері тек өндірістеріндегі істерге байланысты ғана бөлінеді.
Жалпы «тергеу қызметі» ұғымы заң әдебиеттерінде қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу заңы қабылданғанға дейін де, бұл заң қабылданғаннан кейін дс әр түрлі тұрғыда талқыланумен келеді. Тергеу қызметін жетілдірудің концептуалды бағыттары негізгі тергеу қызметін әрі қарай дамытып, «Тергеу қызметі және тергеушінің мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігі туралы айту керек.
Алайда концепция жобасы авторының «судьялар сияқты, тергеушілер де қылмыстық іс жүргізу барысында артықшылықтарға (ешкімнің тиіспеуі) ие болу керек» деген тұжырымымен де келісуге болмайды. Себебі қылмыстық іс жүргізу кезінде судьяларға артықшылықтар беретін норма, Қылмысгық іс жүргізу заңында көзделмеген. «Судьяларға ешкімнің тиіспеуі» қағидасы Қазақстан Республикасының Ата заңымен (79 бап) және «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы Конституциялық заңың 27-бабында көрсетілген және бұл норма судьяның жалпы құқықтық жағдайын айқындайды.
Сондықтан тергеушінің мәртебесін судьяның мәртебесімен теңестіру қажет пе? деген сұрақты талқылау барысында, олардың функциональдық міндеттерін ажыратып отырған шектеуді жойып алмас үшін, өте мұқият болу қажет. Себебі бұл шектеуді сақтамау, қылмыстық істерді қарау жағдайлары бойынша қарап шешу функцияларының бір тұлғаға шоғырлануына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар сот билігінің өкілдері судьялармен арадағы шекараны жоюға әкеліп соғады.
Соңғы кездері алдын ала тергеу жүргізуді сот әділдігін жүзеге асырудың алғашқы кезеңі ретінде қарау керек деген пікірлер айтылын қалуда. Бұл пікірмен келісуге болмайды. Себебі алдын ала тергеу жүргізу тергеуші соттың функциясын атқармайды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 11 -бабының талабы бойынша «Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады». ....
Рефераттар
Толық