Тарих | Қола дәуірі

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап теруден оны өсіруге көшуі сан мындаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәден дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-V мыңжылдықтар деп шамалайды және оны ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдақ алқабына жетіп, сосын Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі ІІІ мыңжылдық ая,ында келеді.
Егіншілік пен бірге малщаруашылығы да пайда болды. Ғалымдар әуелі пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? – деген сауал жөнінде ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қазір айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал, құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы –нулы жерлерде малшаруашылығы егіншілікпен қанаттаса қанат жаяды.
Б. з. дейінгі ІІ мыңжыдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы метал бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен суңгілер жасауды уйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырыңда андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола ең әуелі Андроново селосы жанынан – Оңтүстук Сібірдегі Ачинск қаласы іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері – шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі – орасан зор территорияға тарағаннын анықтады. Кейінрек андронов ескерткіштері Қазақстанның тускейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды. ....
Рефераттар
Толық