Экология | Қала экологиясы
“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы.
Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды.
Осының мәнісін көп ойландым.
Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді.
Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында.
Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын.
Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. ....
Рефераттар