Экономика | Қазақстан мен ЕО-тың дипломатиялық қатынастары

Әлемнің әлеуетті алып ұйымдары Қазақстанмен қатынастар көкжиегін кеңейтуге ықылас танытуда. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен келген Бельгия Корольдігінің астанасы Брюссельдегі Еуроодақ және НАТО басшылығымен кездесуі кезінде айқын аңғарылды.
Брюссельді Еуропаның орталығы деуге де болады. Өйткені, мұнда Еуропалық Одақтың негізгі басқару органдары және НАТО-ның штаб-пәтері орналасқан. Қалада мыңдаған халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы сапары тек Бельгия Корольдігі аясында шектеліп қалған жоқ. Сапар жөнінде мағлұматтар беретін бағдарламаға қарап, оның кең ауқымда болатындығын аңғарған едік.
Күткендегідей Елбасы өзінің алғашқы кездесуін Еуропалық Одақтың атқару органы болып табылатын Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Бар­розумен кездесуден бастады. Бұл кездесу Еуропалық комиссия орналасқан “Берлемон” ғимаратында өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 2 наурызда вице-президент Ф.Андрияссен бастаған Еуропалық комиссияның делегациясын қабылдады. Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы саяси байланыс міне, осы кезден бастап орнықты. 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы өкілдігі ашылды. Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазір осы өкілдіктің басшысы қызметін қоса атқаруда. Ал 1994 жылы Алматыда Еуропалық комиссияның өкілдігі ашылды. Оны А. Вандер Меер басқарады.
Елбасының Еуропалық Одақтың өкілетті және атқару органдарының басшыларымен әрбір кездесуі ықпалдастыққа жақсы әсерін тигізіп, еліміз экономикасы үшін осындағы үлкен рыноктың есігі ашыла түсуіне қызмет етіп келеді. ....
Рефераттар
Толық