Экономика | Қазақстан Экономикасының салалары

“2007 жылдың осынау Дүниежүзілік почта күнінде, әлемдегі саяси жағдайлар әмбебап почта қызметі туралы көп жазуға мәжбүрлеп, осыған орай экономикалық тұрғыдан қарағанда оның мақсатқа лайықтылығын ерекше атап өткім келеді.
Әмбебап қызмет елдің және бүкіл әлемнің экономикалық тиімділігіне, ал жаңа технологиялар мен Интернет почта операторларына қолданыстағы қызметтердің сапасын көтеруге және жаңа түрлерін ұсынуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар әмбебап қызмет осы жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіншіліктерге бейімдейді”.

2008 жылы қазақстандық почта ұлттық экономиканың дербес сегменті ретінде осы саланың бөлінгеніне 15 жыл толуын атап өтетін болады. Бұл Қазақ¬стан Республикасындағы почталық ау¬мақ¬та мамандандырылған құқық кеңіс¬тігін қалыптастыруға және әр түрлі мен¬шік нысандарымен почталық оператор¬лардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай¬лар жасауға мүмкіндік туғызды.
1999 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі кезең Қазпочта үшін күрделі бол¬ды, яғни акционерлікке өту жүрді, өйт¬кені почта саласы қызметінің барлық жақтары өзгеріске ұшырады. Мемлекет¬тік кәсіпорын нысанынан акционерлікке өту бюджеттен еңбекақы төлеуден өзін-өзі қаржыландыруға көшуге, материал¬дық-техникалық базаны жаңғырту үшін сырттан қарыз алудың дербес саясатын дайындауға, компанияның рыноктағы позициясын күшейтуге, оған қоса кең та¬раған қызмет түрін көбейту және жаңа түрлеріне игеруге бағытталған стратегия¬лық даму бағыттарын әзірлеуді талап етті.
Жаңа экономикалық жағдайға өту менеджменттен шешім қабылдауда креа¬тив¬тікті, барлық жұмыскерлерді алға қой¬ылған мақсаттарға жетуге жұмылуды және компаниядағылармен қатар ауыл тұрғындары тұрпатында біздің ең көпшіл тұтынушыларымыздың әлеуметтік қорға¬луын қамтамасыз етуді қажет етті. Екін¬ші жағынан, сыртқы жағдайлар компа¬ния¬ның және клиенттің үміті мен сұра¬ныстарына сәйкес келетін сапалы дең¬гей¬дегі қызметтердің кең ауқымын көр¬се¬ту үшін бизнес-ортаға шоғырландыру¬ды талап етті. ....
Рефераттар
Толық