Саясаттану | Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы

Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген биологиялық түрге ұқсайды.
Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн. 33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың 126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70 жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды көрсетеді.
Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000 адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1 есеге кеміді.
Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті. Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз, ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57 пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу, коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске ұшырады. ....
Рефераттар
Толық